Об утверждении списка стран, с которыми вступил в силу международный договор, регулирующий вопросы избежания двойного налогообложения и предотвращения уклонения от уплаты налогов, номинальная ставка налога на прибыль которых составляет более 75 процентов от ставки корпоративного подоходного налога в Республике Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Пайда салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын, қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 332-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Пайда салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын, қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) «Пайда салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын, өзімен жасалған қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 19 маусымдағы № 680 бұйрығының;
Тармақша 2
2) «Пайда салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын, өзімен жасалған қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 19 маусымдағы № 680 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 247 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмелерін мемлекеттік және орыс тілінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс, бұл ретте осы бұйрық 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданыста болады.
Басқа 0. Пайда салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын, қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімі
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 6 қазандағы
№ 579
Бұйрыққа қосымша
Пайда салығының номиналды мөлшерлемесі Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесінің 75 пайызынан астамын құрайтын, қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт күшіне енген елдердің тізімі
Тармақ 1
1. Аустрия Республикасы
Тармақ 2
2. Америка Құрама Штаттары
Тармақ 3
3. Армения Республикасы
Тармақ 4
4. Әзербайжан Республикасы
Тармақ 5
5. Беларусь Республикасы
Тармақ 6
6. Бельгия Корольдігі
Тармақ 7
7. Вьетнам Социалистік Республикасы
Тармақ 8
8. Германия Федеративтік Республикасы
Тармақ 9
9. Жапония мемлекеті
Тармақ 10
10. Италия Республикасы
Тармақ 11
11. Иран Ислам Республикасы
Тармақ 12
12. Испания Корольдігі
Тармақ 13
13. Канада
Тармақ 14
14. Корея Республикасы
Тармақ 15
15. Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінен басқа)
Тармақ 16
16. Латвия Республикасы
Тармақ 17
17. Люксембург Ұлы Герцогтігі
Тармақ 18
18. Малайзия
Тармақ 19
19. Моңғолия
Тармақ 20
20. Нидерланд Корольдігі
Тармақ 21
21. Норвегия Корольдігі
Тармақ 22
22. Пәкістан Ислам Республикасы
Тармақ 23
23. Польша Республикасы
Тармақ 24
24. Ресей Федерациясы
Тармақ 25
25. Румыния
Тармақ 26
26. Сауд Арабиясы Корольдігі
Тармақ 27
27. Сингапур Республикасы
Тармақ 28
28. Словакия Республикасы
Тармақ 29
29. Словения Республикасы
Тармақ 30
30. Түркия Республикасы
Тармақ 31
31. Украина
Тармақ 32
32. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі
Тармақ 33
33. Үндістан Республикасы
Тармақ 34
34. Финляндия Республикасы
Тармақ 35
35. Француз Республикасы
Тармақ 36
36. Хорватия Республикасы
Тармақ 37
37. Чех Республикасы
Тармақ 38
38. Швеция Корольдігі
Тармақ 39
39. Швейцария Конфедерациясы (тек келесі Кантондар бөлігінде):
Тармақша 1
1) Аргау
Тармақша 2
2) Берн
Тармақша 3
3) Тичино
Тармақша 4
4) Цюрих
Тармақ 40
40. Эстония Республикасы