О внесении изменения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 8 апреля 1994 г. N 355 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 сәуiрдегi N 355 қаулысына өзгерту енгiзу туралы "Сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 3 қазандағы N 2475 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Қазақстан Республикасының өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомы) туралы" қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 17, 170-бап) мынадай өзгерту енгiзiлсiн: 7-тармақтың екiншi абзацындағы "республикалық бюджет қаражатының есебiнен жеке басы мiндеттi сақтандырылуға жатады" деген сөздер алынып тасталсын.