О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 мая 1996 года № 576 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 мамырдағы N 576 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.02. N 890 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Мемлекеттің жеке меншікке сататын немесе жер пайдалануға беретін жерлері үшін төлем ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 мамырдағы N 576 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 20, 174-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: мәтіндегі "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын. 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жер учаскелерін жалға өткізу кезіндегі жалға берудің жыл сайынғы төлемінің мөлшері тараптардың келісімімен (шартымен) тағайындалады деп белгіленсін. Жалға берудің төлем мөлшері мынадай шектерде белгіленеді: төменгі шегі - жер салығы мөлшерінің 80 проценті; жоғарғы шегі - жер салығы мөлшерінің 120 проценті; Жер салығының мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады"; аталған қаулының 1 және 2-қосымшаларында: мәтіндегі "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.