О внесении изменений в постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам "Об утверждении Положения о порядке регистрации в Государственном реестре ценных бумаг акций акционерных обществ в Республике Казахстан и присвоения им национальных идентификационных номеров" от 8 октября 1997 года № 159 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасындағы акционерлiк қоғамдардың акцияларын Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркеудiң және оларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 08 қазандағы № 159 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбiн бiрегейлендiру мақсатында " Бағалы қағаздар рыногы туралы " Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 05 наурыздағы заңы 17-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 29) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1998 жылғы 13 ақпанда 460 нөмiрмен тiркелген "Қазақстан Республикасындағы акционерлiк қоғамдардың акцияларын, Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркеудiң және оларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 08 қазандағы N 159 қаулысына мынадай өзгерiстер енгізiлсiн: жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы акционерлiк қоғамдардың акцияларын Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркеудiң және оларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудiң тәртiбi туралы ережеде (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк актiлердiң жинағы, II том, 1998 ж., 66-703-беттер):
Тармақша 1
1) 3.1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3.1. Акцияларға ҰБН беру тәртiбi БҚҰК Директоратының бекiтуiне жататын жеке нұсқаулықпен белгiленедi. Басқа мемлекеттiң заңдарына сәйкес тiркелген акциялар эмиссиясы Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жiберiлген жағдайда осы акцияларға ҰБН берiлмейдi; оларда осы акциялар эмиссиясын тiркеу кезiнде берiлген бiрiздендiру нөмiрi (бiрiздендiру нөмiрлерi) сақталады.";
Тармақша 2
2) 3.2 және 3.3 тармақтары алып тасталсын;
Тармақша 3
3) 4 және 5 тараулар алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау Ұлттық комиссия орталық аппаратының Корпоративтік қаржылар басқармасына жүктелсін.