О внесении изменения в решение 8 сессии Бухар-Жырауского районного маслихата от 20 сентября 2012 года № 5 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению Бухар-Жырауского района" Күшін жойған
Басқа 0
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 8 сессиясының 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 5 "Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 8 сессиясының 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 5 "Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1951 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 қарашадағы № 44 "Сарыарқа" аудандық газетінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Бұқар жырау ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы ережесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.".
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.