О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 апреля 2000 года N 538 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі N 538 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Кейбір кедендік режимдерге орналастырылатын немесе жекелеген кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған жекелеген тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі N 538 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., 18, 193-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың екінші және үшінші абзацтарындағы "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің шығу мерзімдері мен міндетті көлемін Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі белгілейтін жекелеген тауарлардың тізбесінің атауындағы "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Кедендік аумақтан тысқары жерлерде қайта өңдеудің кедендік режиміне орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялардың нәтижесінде пайда болатын қайта өңдеу өнімдерінің шығу мерзімдері мен міндетті көлемін Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі белгілейтін жекелеген тауарлардың тізбесінің атауындағы "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.