О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 8 октября 2001 года N 113 "Об аттестационной комиссии юстиции" Күшін жойған
Басқа 0
"Әділет аттестациялық комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 8 қазандағы N№113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Әділет аттестациялық комиссиясы құрамының өзгеруіне байланысты, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 3-тармақшасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережесінің 19-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Әділет аттестациялық комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 8 қазандағы N 113 Бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әділет аттестациялық комиссиясы жұмысының регламентіне:
5-тармақтағы "7" деген саны "5" деген санмен ауыстырылсын;
19-тармақтағы "5" деген саны "3" деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы Бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.