О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2001 года N 779 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 маусымдағы N 779 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Таратылған Жол қорының кредиторлық берешегін өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 маусымдағы N 779 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 21, 264-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Таратылған Жол қорының кредиторлық берешегін өтеу ережесінде: 5-тармақта: бірінші абзацта "2001 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей" деген сөздер алынып тасталсын; 7) тармақшада "және 654 "Жол қорымен есеп айырысу" шоты бойынша кредиторлық берешектің" деген сөздер алынып тасталсын; 6-тармақта: бірінші абзацта "2001 жылғы 1 қыркүйектен кешіктірмей" деген сөздер алынып тасталсын; 6) тармақшада "және 654 "Жол қорымен есеп айырысу" шоты бойынша кредиторлық берешектің" деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақта: "2001 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей" деген сөздер алынып тасталсын; 12-тармақта: "және оның Филиалдарының деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.