О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 августа 2002 года N 886 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 тамыздағы N 886 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2005 № 740 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Гранттар тарту және пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 8 тамыздағы N 886 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 26, 286-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 2-тармақтағы "Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздер "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгі" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Гранттар тарту және пайдалану ережесiнде: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "6. Бюджеттік жоспарлау және ДРК шеңберiнде өтемсiз көмек тарту процестерi арасындағы өзара қатынастардың сипатына қарай гранттар байланысты және байланыссыз болып бөлiнедi: 1) байланысты грант Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң грант ұсынған донордан одан әрi қарыз алуын немесе донорға Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігiн берудi немесе мемлекеттiк бюджеттен бiрлесiп қаржыландыруды көздейдi; 2) байланыссыз грант Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң грант ұсынған донордан одан әрi қарыз алуын немесе донорға Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн берудi немесе мемлекеттiк бюджеттен бiрлесiп қаржыландыруды көздемейдi."; 21-тармақтағы "Қаржы министрлiгiне" деген сөздер "Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.