О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 августа 2003 года N 542 "Об утверждении Правил о порядке признания и нострификации (установления эквивалентности) в Республике Казахстан документов об образовании, выданных зарубежными организациями образования" Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2477 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2003 ж., N 31-36, 870-құжат болып жарияланған), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 252 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3633 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2005 ж., N 16, 169-170-құжат болып жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережеде: 6-тармақта "Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы" деген сөздер "Ұлттық аккредиттеу орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Б.Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.