О внесении изменений и дополнения в приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 8 сентября 2003 года N 664 "О введении медицинской документации, удостоверяющей случаи рождения, смерти и перинатальной смерти" (зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан N 2505) Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Туу, өлім және перенатальдық өлім оқиғаларын куәландыратын медициналық құжаттарды енгізу туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2505 тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 664 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Келісілді"                      "Келісілді" Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а.          Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы 13 қаңтар 2004 жыл               16 қаңтар 2004 жыл Медициналық ұйымдарда туу, өлім және перинатальдық өлім оқиғаларын куәландыратын бастапқы медициналық құжаттарды жүргізуді ретке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Туу, өлім және перинатальдық өлім оқиғаларын куәландыратын медициналық құжаттарды енгізу туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2505 тіркелген, "Ресми газеттің" 2003 жылғы 25 қазандағы N 43 санында жарияланған) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 664 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген туу, өлім және перинатальдық өлім оқиғаларын куәландыратын медициналық құжаттарды толтыру, беру жөніндегі Нұсқаулықта: 1-тармақта:
Тармақша 1
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 1
"1) өлі туғандар - жүктіліктің 28 және одан да көп аптасында, салмағы 1000 грамм және одан да көп және бойы 35 см және одан да көп және тіршілік белгісі болмаған жағдайдағы ұрықтану өнімін ананың ағзасынан толық алу немесе шығарып алғанға дейінгі баланың өлімі;
Тармақша 2
2) перинатальдық кезең - жүктіліктің 28 аптасынан басталады, оған босану кезеңі қосылады және жаңа туған нәрестеге 7 күн толғанда аяқталады"; мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 7
"7) тірі туу - жүктілікке 28 апта болғанда ананың ағзасынан баланы толық алу немесе нәрестені шығарып алу (нәрестенің бойы 35 см және одан да көп, салмағы 1000 грамм және одан да көп), туғаннан кейін, анасынан бөлінгеннен кейін демалатын немесе жүректің соғуы, кіндік тамырының соғуы, немесе дене құрылысының қимылдауы, немесе жүктіліктің 28 аптасына дейін туған нәресте (яғни бойы 35 см және салмағы 1000 граммға дейін), 7 тәуліктен (168 сағат) өмір сүрген тіршіліктің өзге де белгілерін білдіретін тіршілік иесі.".
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсін.