О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 8 декабря 2003 года № 262 «О мерах по борьбе с волками» Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімдігінің «Қасқырлармен күресу жөніндегі шаралар туралы» 2003 жылғы 8 желтоқсандағы № 262 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Нормативтік-құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және қолданыстағы заңнамалармен сәйкестендіру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Облыс әкімдігінің "Қасқырлармен күресу жөніндегі шаралар туралы" 2003 жылғы 8 желтоқсандағы N 262 (тіркеу N 2400, "Орал өңірі" газетінің 2004 жылғы 6 қаңтардағы N 2 және "Приуралье" газетінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 3 сандарында жарияланған) қаулысына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесіндегі "Республикасының" деген сөзден кейін "2004 жылғы 9 шілдедегі N 593" деген сөздермен толықтырылсын;
қаулының 3-тармағында және жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Қасқырлармен күресуді ұйымдастыруға және аңшыларды материалдық ынталандыруға қаржы бөлу тәртібінің 1-тармағында "Батыс Қазақстан облыстық табиғат пайдалану бөлімі" және "Батыс Қазақстан облыстық табиғат пайдалану бөліміне" деген сөздер тиісінше "Батыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу департаменті" және "Батыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу департаментіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
қаулының 4, 5-тармақтарында "Батыс Қазақстан облыстық орман және жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту басқармасы" деген сөздер "Батыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу департаменті" деген сөздермен ауыстырылсын;
қаулының 7-тармағындағы "А. Қ. Есенғалиевке" деген сөздер "Б. С. Садықовқа" деген сөздермен ауыстырылсын.