О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 8 октября 2003 года № 511 "Об образовании областной комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций", зарегистрированное в управлении юстиции Южно-Казахстанской области от 5 ноября 2003 года за № 1011 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстiк Қазақстан облыстық әдiлет басқармасында 2003 жылғы 5 қарашада 1011-нөмiрмен тiркелген "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiнде облыстық комиссия құру туралы" Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының 2003 жылғы 8 қазандағы № 511 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және мемлекеттiк қызметкерлердiң функционалдық мiндеттерiнiң өзгеруiне байланысты: "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiнде облыстық комиссия құру туралы" Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының 2003 жылғы 8 қазандағы N 511 қаулысының (Оңтүстiк Қазақстан облыстық әдiлет басқармасында 2003 жылғы 5 қарашада 1011-нөмiрмен тiркелген, 2003 жылғы 13 қарашада "Оңтүстiк Қазақстан" газетiнде жарияланған) N 1 қосымшасына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: Оңтүстiк Қазақстан облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссия құрамына мына төмендегiлер енгiзiлсiн: Төлебаев Кенжехан Атақұлұлы - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы Нұрұллаев Мухамад Алланұлы - облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарманың төтенше жағдайларға шұғыл жауап қату және оларды жою жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау бөлiмiнiң бастығы, комиссия хатшысы (келiсiмi бойынша). Оңтүстiк Қазақстан облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссия құрамынан Әбiшев Ислам Әлмаханұлы, Сыдықов Қанат Жамалбекұлы шығарылсын.