О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 8 октября 2003 года № 511 "Об образовании областной комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций" Қолданыста
Басқа 0
"Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде облыстық комиссия құру туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 8 қазандағы № 511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына сәйкес "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде облыстық комиссия құру туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 8 қазандағы N 511 қаулысының 2-қосымшасына (Оңтүстік Қазақстан облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 5 қарашада 1011-нөмірмен тіркелген, 2003 жылғы 13 қарашадағы "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған, облыс әкімиятының 2003 жылғы 24 қарашадағы N587 және 2004 жылғы 14 сәуірдегі N186 қаулыларымен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақ 1
1. 1-абзацтың 1-тармағындағы "жүргізілуіне бақылау жасау" деген сөздер "жүргізілу" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. 2-тармақтың 5, 7-тармақшалары мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақша 5
"5) авария, катастрофа, стихиялық және экологиялық апаттарды алдын алуға, олар туындаған жағдайда қирату зардаптарын азайтуға және олардың жүзеге асуына бағытталған іс-әрекет ету жоспарын әзірлеу және іс-шараларды жүзеге асыру бойынша тиісті шаруашылық нысандарға нұсқау береді;"
Тармақша 7
"7) өз құзыретінің шегінде облыстық гидрометеорологиялық орталығымен өзара іс-әрекетті іске асырады;".
Тармақ 3
3. 3-тармақтың 3, 5, 7-тармақшалары мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақша 3
"3) облыстық басқару органдарын, авариялық-құтқару қызметтерін үнемі дайындықта тұруын қамтамасыз ету; болуы мүмкін апаттар, катастрофалар және табиғи зілзала нәубетінің зардаптарын жою жөніндегі құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін, күш және құралдар топтарын құру жөнінен шаралар қабылдау;
Тармақша 5
5) апат, катастрофа және табиғи зілзала нәубеті туындаған кезде қауіпті, олардан болуы мүмкін шығынды азайтуға, дайындық және олардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларға бағытталған шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) облыс аумағында қауіпті аурулармен ауру туралы ақпаратты жинауды және талдауды ұйымдастыру, облыс әкіміне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне қауіпті жұқпалы инфекциялар бойынша эпидемиялық, эпизоотиялық және эпифитотиялық жағдай туралы хабардар ету;".
Тармақ 4
4. 4-тармақтың 7-тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақша 7
"7) апат, катастрофа және табиғи зілзала нәубетінің ауданында болу режимін орнату, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жалпы шараларды ұйымдастыру, ауру ошағынан тыс жерлерге адамдарды және жануарларды алып шығуға, жүктерді тасымалдауға қойылған шектеулерді сақтау және басқа карантиндік іс-шараларды орындау;".
Тармақ 5
5. 5-тармақтың 6, 8, 9, 14-тармақшалары мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақша 6
"6) комиссиясының құзыретіне бабына кіретін мәселелер бойынша қалалық және аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың жұмысын бағыттау;
Тармақша 8
8) апат, катастрофа және табиғи зілзала нәубетінің туындау қаупін, олардан болуы мүмкін шығынды төмендету және олардың зардаптарын жоюға дайындық мәселелері бойынша облыс аумағындағы меншік түріне және ведомстволық тиістілігіне қарамастан кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға ұсыныс енгізеді;
Тармақша 9
9) жұқпалы аурулардың эпидемиясына, эпифитотиясына және эпизоотиясына немесе адамдар арасында жаппай тамақтан улану жағдайына жол берген кінәлі лауазымды адамдарды, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы тиісті органдарға материалдар жібереді;
Тармақша 14
14) қажет болған жағдайда жеке, маңызды функциялар немесе төтенше жағдайлар түрлері жөнінен комиссиялар құрады, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ұсыныс жасайды.".