О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области «Об утверждении Правил предоставления кредитов на поддержку и развитие малого предпринимательства за счет средств местного бюджета» от 8 февраля 2003 года №38 (регистрационный №1973) Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімдігінің «Жергілікті бюджет қаржысы есебінен шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға несиелер берудің Ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 38 қаулысына (тіркеу № 1973) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың кейбір мәселелері" туралы 2003 жылғы 14 қарашадағы N 221 қаулысын басшылыққа ала отырып, жергілікті бюджет қаржысы есебінен шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту Бағдарламасын несиелеудің тәртібі мен шарттарын айқындау мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің "Жергілікті бюджет қаржысы есебінен шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға несиелер берудің Ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы N 38 қаулысына (тіркеу N 1973, облыстық газеттер "Орал өңірінде" 2003 жылғы 27 ақпанда N 24, "Приуральеде" 2003 жылғы 27 ақпанда N 24 сандарында жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 2 және 3 тармақтардағы "Департаментке" және "Департамент" деген сөздер тиісінше "Басқармаға" және "Басқарма" деген сөздермен өзгертілсін; аталған қаулымен бекітілген жергілікті бюджет қаржысы есебінен шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға несие берудің Ережесіне: мәтіндегі "Департаментпен", "Департамент" және "Департаменттің" деген сөздер тиісінше "Басқармамен", "Басқарма" және "Басқарманың" деген сөздермен өзгертілсін; 1-тармақ төмендегідей мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "инновациялық жоба - инновацияға қол жеткізуге бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжірибе-конструкторлық, маркетингтік зерттеулер мен жұмыстар кешенін жүргізу жоспарынан, сондай-ақ техникалық-экономикалық көрсеткіштерден тұратын құжат"; 7-тармақ төмендегідей редакцияда мазмұндалсын: "7. Несиелеудің мерзімі бизнес-жобаларға байланысты белгіленеді: қысқа мерзімді несиелер 1 жылға дейін, орта мерзімді несиелер 1 жылдан жоғары, бірақ 3 жылдан артық емес, ұзақ мерзімді несиелер 3 жылдан жоғары, бірақ 5 жылдан артық емес. Ұзақ мерзімді несиелер инновациялық жобаларға беріледі."; 8 және 17 тармақтардағы "1% мөлшерлеме" сөзі "нөлдік мөлшерлеме" сөзімен өзгертілсін; 17-тармақтағы "50" саны "30" санымен өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Аталған қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. П. Качалоға жүктелсін.
Басқа 4. Батыс Қазақстан облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарының ТІЗБЕСІ
Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 19 ақпандағы N 50 қаулысына қосымша Батыс Қазақстан облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарының ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Құс шаруашылығы.
Тармақ 2
2. Сәт өнімдерін өңдеу.
Тармақ 3
3. Мал, балық, құс еттерін өңдеу.
Тармақ 4
4. Көкөніс өнімдерін өңдеу.
Тармақ 5
5. Кондитер өнімдерін өндіру.
Тармақ 6
6. Алкогольсіз сусындар өндіру.
Тармақ 7
7. Тамақ өнімдерін өндіру.
Тармақ 8
8. Өсімдік майын өндіру.
Тармақ 9
9. Балық шаруашылығы.
Тармақ 10
10. Тері және жүн өңдеу және олардан бұйымдар шығару.
Тармақ 11
11. Машина жасау.
Тармақ 12
12. Тоқыма және тігін өндірісі.
Тармақ 13
13. Жиһаздар шығару.
Тармақ 14
14. Мұнай-химия.
Тармақ 15
15. Резина және пластмасса бұйымдарын өндіру.
Тармақ 16
16. Электронды және оптикалық жабдықтар шығару.
Тармақ 17
17. Ақпараттың технологиялар.
Тармақ 18
18. Ғылымға негізделген технологияларды, ноу-хау, жабдықтармен қондырғыларды шығару және құрастыру.
Тармақ 19
19. Балалар тағамын өндіру.
Тармақ 20
20. Бал шаруашылығы.
Тармақ 21
21. Дәрілік жабдықтар мен препараттар, санитарлық-гигиеналық құралдар өндіру.
Тармақ 22
22. Әйнек шығару және әйнектен бұйымдар жасау.
Тармақ 23
23. Кірпіш, керамика, кафель, черепицалар шығару.
Тармақ 24
24. Аудандардағы ірі елді мекендерде қызмет көрсету саласы (монша, қонақ үй, шаштараз, кафе, т.б.).
Тармақ 25
25. Мал шаруашылығы.
Тармақ 26
26. Франчайзинг.