О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 8 декабря 2004 года N 1289 и от 22 декабря 2004 года N 1354 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289 және 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354 қаулыларына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289 қаулысында :
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
II "Шығындар" бөлiмінде:
05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
09 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер" iшкi функциясында:
226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
001 "Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасында:
002 "Аумақтық органдардың аппараттары" кiшi бағдарламасында "662393" деген сандар "668028" деген сандармен ауыстырылсын;
008 "Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделi жөндеу" кiшi бағдарламасында "57479" деген сандар "51844" деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "2005 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354 қаулысында :
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi бойынша: көрсетiлген қаулыға 261-қосымшада :
6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
реттiк нөмiрi 3-жол ", соның iшiнде олар орналасқан ғимараттар мен үй-жайларға ағымдағы жөндеу жүргiзу." деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 5-жолда "және мемлекеттік шекарадан өту орындарындағы санитарлық-карантиндiк пункттердiң" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.