О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 января 2004 года N 19 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 19 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. "Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн және Оларды мiндеттi мемлекеттiк лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 19 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 1, 10-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн мiндеттi мемлекеттiк лицензиялау ережесiнде: 2-тарау 8) тармақшадағы "оң қорытындыларының" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: "9) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң"; 2-1 және 2-2-тараулар 6) тармақшадағы "оң қорытындыларының" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: "7) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң"; 2-3-тарауда 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "6) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң"; 2-4-тарауда 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "3) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң"; 2-5-тарауда: мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: "9) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң"; 3) тармақшадағы "сақтандыру полисiнiң" деген сөздер "мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-6-тарау 6) тармақшадағы "жою жоспарларының" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып және 2-7-тарау 6) тармақшадағы "оң қорытындыларының" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: "7) мiндеттi экологиялық сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисiнiң".
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.