О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Алматы от 8 апреля 2004 года N 2/301 "О социальной защите граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі N 2/301 "Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі N 2/301 "Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы"  қаулысына  (Алматы қаласы Әділет басқармасында 2004 жылы 22 сәуірде N 592 тіркелген, "Вечерний Алматы" газетінде 2004 жылы 24 сәуірде N 77-78, "Алматы ақшамы" газетінде 2004 жылы 27 сәуірде N 47 жарияланды), келесі өзгерістер енгізілсін: Аталған қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда берілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.
Басқа 3
Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 17 қарашадағы N 5/773 қаулысына қосымша Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жұмысын үйлестіру жөніндегі қалалық комиссиясының құрамы Бүкенов Қайрат Ахмадиұлы Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы Нұрланов       Амангелді Жұмаханұлы Алматы қалалық Жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры, төраға орынбасары Ұмбаев Айтжан Керімұлы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің директоры Оспанов Мұрат Тұрдыбекұлы Зейнетақы төлемі жөніндегі мемлекеттік орталықтың Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Исабаева Римма Шәкіратқызы Алматы қаласының Әкімі аппараты заң бөлімінің меңгерушісі Еспенбетова Светлана Әлиқызы Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы - комиссия хатшысы