О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 8 декабря 2004 года № 1289 и от 22 декабря 2004 года № 1354 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289 және 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: II "Шығындар" бөлiмiнде: 233 "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi" әкiмшісi бойынша: 001 "Индустрия және сауда саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасында: 001 "Орталық органның аппараты" кiшi бағдарламасындағы "1272105" деген сандар "1284105" деген сандармен ауыстырылсын; 017 "Ақпараттық жүйелердің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету" кiшi бағдарламасындағы "71418" деген сандар "68418" деген сандармен ауыстырылсын; 101 "Қазақстанның Дүниежүзілiк сауда ұйымына кiруi" кiшi бағдарламасындағы "55978" деген сандар "46978" деген сандармен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "2005 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354 қаулысында : көрсетiлген қаулыға 316-қосымшада : "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта: реттік нөмiрi 2-жолдың 5-бағанының тоғызыншы абзацының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "4) Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асырудың қорытындыларына арналған іс-шаралар кешенiн жүргiзу."; реттiк нөмiрi 6-жолдың 5-бағанындағы "137" және "5" деген сандар тиiсiнше "183" және "12" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.