О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 8 декабря 2007 года № 1201 и от 15 апреля 2008 года № 339 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы N 1201 және 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы N 1201 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 46, 554-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ережеде: 13-тармақта:
Тармақша 30
30) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 60) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 60
"60) мыналарды: Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өлшемдерге сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптауға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында бөлуді; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өлшемдерге сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында бөлуді белгілейді."; 14-тармақта:
Тармақша 1
1) тармақшада "өз құзыретінің шегінде" деген сөздер "I санаттағы объектілерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 2
"2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзған жағдайда мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын қайтарып алу және күшін жою құқығымен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру және оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілеу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзған жағдайда оларды тоқтата тұру және күшін жою құқығымен жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыру;"; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 4-1
"4-1) кешенді экологиялық рұқсаттар беру;";
Тармақша 2
2) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде: реттік нөмірі 16-жолдың 3-бағанындағы "872" деген сандар "839" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                            К. Мәсімов