О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 декабря 2007 года № 1201 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы № 1201 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы № 1201 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 46, 554-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ережеде: 7-тармақ «35-А көше» деген сөздер «Орынбор көшесі» деген сөздермен ауыстырылсын; 13-тармақ мынадай мазмұндағы 61) тармақшамен толықтырылсын: «61) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»; 14-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын: «13-1) экологиялық қауіпті технологиялар, техника мен жабдықтың тізілімін жүргізу;»; 17-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын: «10-1) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлық шараларының қабылдануына дербес жауапты болады;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.