О внесении дополнения в постановление акимата города Лисаковска от 8 мая 2007 года № 767 «Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооружейные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года» Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштеріне, басқа әскерлеріне және
әскери құрылымдарына азаматтарды
2007 жылдың сәуір-маусымында және
қазан-желтоқсанында кезекті шақыру
жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз
ету туралы" Лисаков қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 8 мамырдағы № 767 қаулысына
толықтыру енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына,
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007
жылғы 17 сәуірдегі № 318 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген
мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және
Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында
және казан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы"
Жарлығын орындауда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ретке келтіру
мақсатында Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне
және әскери қүрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында кезекті шақыру жүргізуді үйымдастыру және
қамтамасыз ету туралы" Лисаков қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 8 мамырдағы
№ 767 қаулысына (Нормативтік қүқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде 2007 жылғы 8 мамырда № 9-4-88 болып тіркелген, 2007 жылғы 17
мамырдағы № 20 "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай
толықтыру енгізілсін:
1-тармақ "азаматтардың" деген сөзден кейін "сондай-ақ оқу орындарынан
шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери
қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар" деген сөздермен
толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланганнан кейін он күнтізбелік
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.