О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Тарановского района от 8 января 2008 года № 14 «О реализации решения Тарановского районного маслихата от 21 декабря 2007 года № 36 «О районном бюджете на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
«Таран аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 36 «2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін жүзеге асыру туралы» Таран ауданы әкімдіғінің 2008 жылғы 8 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 53-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «¥лы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармагы 1-1) тармақшасына, «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» 2007 жылғы 21 желтоқсандагы № 36 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Таран аудандық мәслихатының 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 64 шешіміне (2008 жылғы 28 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-18-65, 2008 жылғы 8 мамырдағы № 19 «Шамшырақ») сәйкес Таран ауданының әкімдіғі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Таран аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 36 «2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімін жүзеге асыру туралы» Таран ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 8 қаңтардағы № 14 қаулысына (2008 жылғы 8 ақпандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-18-62, 2008 жылғы 14 ақпандағы № 7 «Шамшырақ») мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтағы:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) облыстың және ауданның еңбек нарығында аса талап етілетін мамандықтар бойынша оқу құнына байланысты орын толтыру үшін жастар арасынан жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек»;
7) тармақшадағы «үйде білім алатын және тәрбиеленетін мүгедек-балаларға ай сайын үш айлық есеп көрсеткіші көлемінде» сөздері шығарылсын;
7) тармақшадағы «азық-түліктердің қымбаттауы» шығарылсын;
8) тармақшадағы «Чернобыл атом электростанциясындағы аварияларды жою және ұлт өкілдерінің әскерлеріне»;
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) коммуналдық қызметтердің, отын (көмір, ағаш) шығындарын төлеу үшін мүгедектерге, ¥лы Отан Соғысына қатысушыларға, Ұлы Отан Соғысы жылдарында қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне біржолғы әлеуметтік көмек»;
мынадай мағынадағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. «Үйде білім алатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында үйде білім алатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға ай сайынғы әлеуметтік көмек алты айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін»;
3-тармақтағы:
4) тармақшадағы «Жерлеу үшін әлеуметтік көмек көрсету үшін өтініш, азамат қайтыс болған күнінен бастап алты айдан кем емес болуы қажет» сөйлемі шығарылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жастар арасынан жекелеген санаттарына тағайындалады: жетім балалар, қамқоршысыз қалған балалар, көп балалы және толық емес отбасы балалары, мүгедектер және отбасы кірісіне тәуелсіз басқа да әлеуметтік көмекті қажет ететіндер»;
9) тармақшадағы «азық-түліктердің қымбаттауы» шығарылсын;
10) тармақшадағы «Чернобыл атом электростанциясындағы аварияларды жою және ұлт өкілдерінің әскерлеріне» Чернобыл атом электростанциясындағы аварияларды жою және ұлт өкілдерінің әскерлеріне шығарылсын;
5-тармақтағы «бюджеттік бағдарламасы» сөздері «бюджеттік бағдарламалар» сөздеріне ауыстырылсын;
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек» сөздерінен кейін «Үйде білім алатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Бермағамбетовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қаржы жылына сәйкес 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.