О внесении дополнений в постановление акимата от 8 января 2008 года № 2 «О реализации бюджетной программы «Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов в 2008 году» Қолданыста
Басқа 0
Әкімдіктің 2008 жылғы 8 қаңтардағы № 2
«2008 жылы жергілікті өкілетті органдардың
шешімдері бойынша көмекке мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарына
әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік
бағдарламасын іске асыру туралы»
қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64-1-бабы 3-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-3-тармақшасына сәйкес, Қостанай облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті директорының 2008 жылғы 14 ақпандағы № 08-265 хатының негізінде Рудный қаласының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Рудный қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 8 қаңтардағы № 2 «2008 жылы жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасын іске асыру туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-98, 2008 жылғы 19 ақпанда «Рудненский рабочий» газетінде № 19 болып жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1 тармақта:
9)-тармақша «1, 2, 3 топтағы мүгедектерге» сөздерінен кейін «бала жасынан мүгедектерге, мүгедек балаларға» сөздерімен толықтырылсын;
мына мазмұндағы 12), 13)-тармақшалармен толықтырылсын:
«12) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға азық – түліктісатып алуға әлеуметтік көмек;
13) ата-аналардың (қамқоршылардың, қорғаншылардың) табысына қарамастан орта есеппен жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы жеті жасқа дейінгі балаларға немесе жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға балабақшаға төлеуге әлеуметтік көмек».
Тармақ 2
2. Рудный қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 833 «Балабақшаға төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2703, 2004 жылғы 11 ақпанда «Рудненский рабочий» газетінде № 11-12 болып жарияланған) қаулысы күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.