О внесении изменений в приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 8 января 2009 года № 6 "Об утверждении ветеринарных нормативов к лабораториям ветеринарно-санитарной экспертизы в модульных убойных пунктах" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндеттерін атқарушының 2009 жылғы 8 каңтардағы № 6 "Модульді мал сою бекеттеріндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізетін зертханаларға арналған ветеринариялық нормативтерді бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі заңының 8-бабының 20) тармақшасын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Модульді мал сою бекеттеріндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізетін зертханаларға арналған ветеринариялық нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 8 қаңтардағы № 6 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 30 қаңтарында № 5521 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдарының 2009 жылы № 5 актілер жиынтығында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспедегі «21» саны «20» санымен алмастырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешенінің мемлекеттік инспекция Комитеті облыс, Астана Алматы қалаларының аумақтық инспекцияларымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешенінің мемлекеттік инспекция Комитеті заңнамада бекітілген тәртіпте осы бұйрықтан туындайтын керекті шараларды қабылдасын.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Тоқсеитова Р.Ә.) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.