О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Мангистауской области от 8 апреля 2010 года № 139 "Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным образованием на 2010-2011 учебный год в рамках реализации направлений Дорожной карты" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Жол картасының бағыттарын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 139 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Маңғыстау облысының әкімдігі арасындағы Жол картасының «Кадрларды даярлау және қайта даярлау» бағыты бойынша жобаны іске асыру туралы 2010 жылғы 19 қаңтардағы № 8 шартқа сәйкес, облыс әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. «Жол картасының бағыттарын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсiптiк бiлiмі бар мамандарды даярлауға 2010 - 2011 оқу жылына арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 139 (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2067 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2010 жылғы 13 мамырдағы № 80-81 (7724) жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасында: «№ 1 кәсіптік лицейі» МКҚК 1 - тармағындағы мына жолдар алынып тасталсын: « 0508000 Тамақтандыруды ұйымдастыру: 050801 2 Аспаз 25 11 сынып қазақша 1 жыл 10 ай Жиыны: 25 »; «Кәсіптік лицейлер бойынша жиыны» деген жолда «50» деген сандар «25» деген сандармен ауыстырылсын; «Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің колледжі» РМҚК 6 - тармағы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: « 1201000 Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету: 120112 3 Техник-механик 25 11 сынып қазақша 2 жыл 10 ай »; «Жиыны» жолдағы «50» деген сандар «75» деген сандармен ауыстырылсын; «Мемлекеттік колледждер бойынша жиыны» деген жолда «225» деген сандар «250» деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалауын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.Б. Жұмашевқа жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. «КЕЛІСІЛДІ» Маңғыстау облысы білім басқармасының басқармасы бастығының уақытша міндетін атқарушы Е.К. Өмірзақ 20 тамыз 2010 ж. Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Г.М.Қалмұратова 20 тамыз 2010 ж. Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Л.О. Олжабаева 20 тамыз 2010 ж. Маңғыстау облысы қаржы басқармасы бастығының міндетін атқарушы М.Ү. Әбдіқұлова 20 тамыз 2010 ж. Маңғыстау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Х.Х. Нұрғалиева 20 тамыз 2010 ж.