О внесении изменений в решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 8 февраля 2010 года № 182 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 8 февраля 2010 года № 182 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы № 182 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 169
- Қабылданған күні
- 31.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 28.10.2016 79305_124180.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.10.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14SK002685
- ЭКБ идентификаторы
- 79305
- Редакция идентификаторы
- 79305_124180
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:17
0 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы № 182 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2010 жылғы 08 ақпандағы № 182 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тізілімінде 2010 жылғы 18 наурыздағы № 13-11-172 тіркелген, «Тайынша Таңы» 2010 жылғы 16 сәуірдегі аудандық газетінде, «Тайыншинские вести» 2010 жылғы 16 сәуірдегі аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғары көрсетілген шешімнің преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 2-тармағына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Ережесінің 3, 4-тармақтарына, «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларында:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін аз қамтылған отбасы (азамат) (бұдан әрі - өтініш беруші) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі.».