О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 февраля 2010 года № 40 "Об утверждении Перечня профессий и специальностей, получение которых в заочной, вечерней формах и в форме экстерната не допускается и Инструкции по выдаче разрешения на обучение в форме экстерната в организациях образования, дающих высшее образование" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру нұсқаулығын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы мемлекеттік атқарушы органдарының және басқа орталық мемлекеттік органдардың 2010 жылғы 12 шілдедегі № 11 басылымында жарияланған нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміде № 6111 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесінде: 6-бөлімде: «1. Өнер» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын: « 1. Өнер 5В040200 Ас­пап­тық орын­да­у­шы­лық 5В040900 Хо­рео­гра­фия »; «2. Техникалық ғылымдар және технологиялар» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын: « 2. Тех­ни­ка­лық ғы­лым­дар және тех­но­ло­ги­я­лар 5В070100 Био­тех­но­ло­гия 5В071400 Авиа­ци­я­лық тех­ни­ка және тех­но­ло­ги­я­лар 5В071500 Те­ңіз тех­ни­ка және тех­но­ло­ги­я­лар 5В072700 Азық-тү­лік өнім­де­рі­нің тех­но­ло­ги­я­сы 5В072900 Құ­ры­лыс 5В074300 Ұша­тын ап­па­рат­тар мен қоз­ғалт­қы­штар­ды ұшу­да пай­да­ла­ну 5В074600 Ға­рыш тех­ни­ка­сы және тех­но­ло­ги­я­ла­ры 5В074800 Фар­ма­цев­ти­ка­лық өн­ді­ріс тех­но­ло­ги­я­сы »; «3. Ауылшаруашылығы ғылымдары» деген кіші бөлім алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.