О внесении дополнения и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2010 года № 534 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 534 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылға арналған бөлінетін 004 «Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 534 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылға арналған бөлінетін 004 «Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесінде: «Құпия» деген реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын; «Барлығы» деген жолдағы «149451» деген сандар «157417» деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.