О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2010 года № 538 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 538 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 538 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 318-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау ережесінде: 4 және 5-тармақтардағы «Тұңғыш Президенті» деген сөздер «Тұңғыш Президенті - Елбасы» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.