О внесении изменения в постановление акимата от 8 февраля 2010 года № 54 "Об определении целевых групп населения на 2010 год" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"2010 жылға арналған халықтың мақсатты топтарын анықтау туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 54 қаулысына өзгеріс енгізу туралы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2010 жылға арналған халықтың мақсатты топтарын анықтау туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 54 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 9-14-123 нөмірімен тіркелген, 2010 жылы 2 сәуірде "Арна" газетінде ресми жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың 17)-тармақшасы мына редакцияда жазылсын: "техникалық және кәсіби, сондай-ақ орта білімнен кейін білім беретін ұйымдардың түлектері".
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ________________ М. Жусупов