О внесении изменения и дополнения в постановление акимата от 8 февраля 2010 года № 56 "О социальной помощи отдельным категориям граждан на 2010 год" Қолданыста
Басқа 0
"2010 жылға арналған азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 56 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2010 жылға арналған азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 56 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-14-122 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 2 сәуірінде "Арна" газетінде ресми жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттар тізбесінің 7-тармағында "(тізім бойынша)" сөзі жойылсын;
мына мазмұндағы 10-тармағымен толықтырылсын:
"10. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттеріне бір жолғы әлеуметтік көмек:
Ұлы Отан соғысы қатысушының немесе мүгедектің жеке куәлік көшірмесі".
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.