О внесении изменений в решение акима Юбилейного сельского округа района Шал акына от 8 октября 2010 года № 7 "О присвоении наименований составным частям населенных пунктов Юбилейного сельского округа района Шал акына" Қолданыста
Басқа 0
"Шал ақын ауданы Юбилейный селолық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" Шал ақын ауданы Юбилейный селолық округі әкімінің 2010 жылғы 8 қазандағы № 7 шешіміне өзгертулер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңының 35-бабы 2-тармағы, 37-бабы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Заңы 21-бабы, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурызынан № 213, Юбилейный селолық округі Крещенка селосы азаматтарының жиындағы шешімін ескере отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Шал ақын ауданы Юбилейный селолық округі әкімінің 2010 жылғы 8 қазанындағы № 8 «Шал ақын ауданы Юбилейный селолық округінің елді-мекендерінің көшелеріне атаулар беру» шешіміне (2010 жылғы 28 қазанда № 13-14-110 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде тіркелген) келесі өзгертулер енгізілсін:
1 тармақта 1) тармақша жаңа басылымда баяндалсын:
«1) Крещенка селосы бойынша:
Бірінші көшеге – Новая,
Екінші көшеге – Степная,
Үшінші көшеге – Школьная,
Төртінші көшеге – Береговая,
тұйық көшелерге солтүстіктен оңтүстікке қарай келесі атаулар берілсін:
Бірінші тұйық көше – Александр Гельман атындағы,
Екінші тұйық көше – Антон Энгель атындағы,
Үшінші тұйық көше – Василий Горбенко атындағы,
Төртінші тұйық көше – Қыдыр Ескендіров атындағы,
Бесінші тұйық көше – Ардагерлер.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде іске енгізілсін.