О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2011 года № 645 «Об утверждении Правил аккредитации субъектов научной и (или) научно-технической деятельности» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 531-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасында: 9, 10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «9. Заңды тұлғалар аккредиттеу алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) рейтингтік парақ; 3) ұйым жарғысының нотариат растаған көшірмесі, ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама; 4) соңғы 5 жыл ішіндегі рейтингтік парақта көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері. Егер субъект қызметінің кезеңі 5 жылдан аспаса, онда қызметінің бүкіл кезеңіндегі растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылады. 10. Жеке тұлғалар аккредиттеу алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) мыналардың: жеке куәліктің, жоғары білім туралы дипломның; магистр дипломының және (немесе) ғылыми дәрежені (ғылым кандидаты, ғылым докторы), философия докторының (PhD) дәрежесін, бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломның және (немесе) қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру туралы аттестаттың (дипломның) нотариат растаған көшірмелері (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында білім саласындағы заңнамаға сәйкес танылады); 3) соңғы 5 жылда жарияланған ғылыми мақалалар: техникалық және жаратылыстану ғылымдары үшін 1 халықаралық патент немесе Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда, немесе Scopus деректер базасында ғылыми салалардың ең болмағанда біреуі бойынша CiteScore бойынша кемінде 35 процентиль көрсеткіші бар басылымдарда 1 (бір) мақала, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар үшін Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар немесе Web of Science Core Collection деректер базасында (Arts and Humanities Citation Index, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index бөлімінде) 1 (бір) мақала, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми журналда 3 (үш) мақала. 11. Осы Қағиданың 9, 10-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді: 1) заңды тұлғаларға күнтізбелік жиырма бес күннен аспайтын мерзім ішінде қабылдайды. Бұл ретте заңды тұлғалардың қызметін бағалау уәкілетті орган бекітетін қызметті бағалау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі; 2) жеке тұлғаларға күнтізбелік жеті күннен аспайтын мерзім ішінде қабылдайды. Жеке тұлғалар аккредиттелген жағдайда уәкілетті орган олардың деректерін осы тармақшада көрсетілген мерзімде аккредиттелген тұлғалардың тізбесіне енгізеді. 12. Аккредиттеуге өтініш қабылдаудан мына жағдайларда бас тартылады: 1) осы Қағиданың 9 немесе 10-тармақтарына сәйкес талап етілген барлық құжаттар ұсынылмаса; 2) ұсынылған құжаттарда күмәнді немесе толық емес мәліметтер болса, сондай-ақ мерзімі өтіп кеткен болса. Аккредиттеуден мына жағдайда бас тартылады: 1) уәкілетті орган бекітетін қызметті бағалау әдістемесіне сәйкес берілетін субъектінің рейтингтік парағының әр блогы бойынша ең төменгі (шекті) мәнінен төмен балл алғанда.»; 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «15. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда, аккредиттелген субъектілер уәкілетті органға жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және (немесе) заңды тұлғаның атауы өзгергенін растайтын құжаттармен қоса аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді. Уәкілетті орган тиісті жазбаша өтініш берілген күннен бастап жеке тұлғаларға күнтізбелік бес күннен кешіктірмей, заңды тұлғаларға күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдейді. Бұл ретте бұрын берілген аккредиттеу туралы куәліктің күші жойылды деп танылады және уәкілетті орган аккредиттелген субъектілердің деректер базасына тиісті ақпаратты енгізеді. 16. Аккредиттеу туралы куәлік жоғалған жағдайда уәкілетті орган аккредиттелген субъектінің жазбаша өтініші бойынша күнтізбелік он күнге дейінгі мерзімде аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.»; көрсетілген Қағидаға 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Субъектінің рейтингтік парағы (заңды тұлғалар үшін)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы № қаулысына 1-қосымша Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасына 1-қосымша Субъектінің рейтингтік парағы (заңды тұлғалар үшін) Субъектінің атауы: ________________________________________ Заңды мекенжайы, телефон, факс: ___________________________ Құрылған жылы: _________________________________________ Интернет-ресурс/e-mail: ___________________________________ Р/с № Көр­сет­кіш­тер­дің маз­мұ­ны Өл­шем бір­лік­те­рі Көр­сет­кіш­тің нақ­ты мәні 1 2 3 4 1 1-блок. Ұй­ым ту­ра­лы мә­лі­мет­тер 1 Ал­ғаш мем­ле­кет­тік тір­кел­ген кү­ні: - 1 жы­л­ға дей­ін 0/1 -1– 5 жыл ара­лы­ғын­да 0/1 - 5 және одан көп жыл 0/1 2 Мен­шік ны­са­ны: - мем­ле­кет­тік 0/1 - же­ке 0/1 1-блок бой­ын­ша жиы­ны: 2-блок. ҒЗЖ қар­жы­лан­ды­ру 3 ҒЗЖ қар­жы­лан­ды­ру­дың жал­пы кө­ле­мі: - 5000 АЕК-ке дей­ін 0/1 5000 – 25000 АЕК 0/1 25000 АЕК-тен жо­ға­ры 0/1 4 Көз­дер бө­лі­ні­сін­де ҒЗЖ қар­жы­лан­ды­ру: - мем­ле­кет­тік бюд­жет: ГҚ 0/1 1 2 3 4 БНҚ 0/1 ҒТҚН ком­мер­ци­я­лан­ды­ру­ға ар­нал­ған грант­тар 0/1 - да­му ин­сти­тут­та­ры­ның грант­та­ры, жер­гі­лік­ті бюд­жет 0/1 - мен­шік­ті қа­ра­жат 0/1 - өзге де көз­дер, оның ішін­де ше­тел­дік 0/1 2-блок бой­ын­ша жиы­ны: 3-блок. Ғы­лы­ми және (неме­се) ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық қыз­мет 5 Орын­дал­ған ғы­лы­ми, ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық бағ­дар­ла­ма­лар: - ны­са­на­лы ғы­лы­ми, ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық бағ­дар­ла­ма­лар (БНҚ) бірл. - грант­тық қар­жы­лан­ды­ру жо­ба­ла­ры (ГҚ) бірл. - ҒТҚН ком­мер­ци­я­лан­ды­ру жо­ба­ла­ры (ГҚ) бірл. - ха­лы­қа­ра­лық ұй­ым­дар мен қор­лар қар­жы­лан­ды­ра­тын ҒТҚН ком­мер­ци­я­лан­ды­ру жо­ба­ла­ры бірл. - үкі­мет­тік емес қор­лар мен ұй­ым­дар қар­жы­лан­ды­ра­тын бағ­дар­ла­ма­лар мен жо­ба­лар бірл. - биз­нес қар­жы­лан­ды­ра­тын бағ­дар­ла­ма­лар мен жо­ба­лар бірл. 3-блок бой­ын­ша жиы­ны: 4-блок. Ғы­лы­ми әле­ует және кадр­лар­ды да­яр­лау 6 6 Ғы­лы­ми зерт­те­улер мен әзір­ле­ме­лер­ді орын­да­ған жұ­мыс­кер­лер са­ны, бар­лы­ғы (зерт­те­у­ші ма­ман­дар, ин­же­нер-тех­ник жұ­мыс­кер­лер): адам 7 Ғы­лы­ми дә­ре­же­ле­рі/дә­ре­же­сі бар қыз­мет­кер­лер са­ны: адам - ғы­лым док­то­ры адам - ғы­лым кан­ди­да­ты адам - фи­ло­со­фия док­то­ры (PhD) және бей­і­ні бой­ын­ша док­тор адам - ма­гистр адам 1 Кадр­лар да­яр­лау: 2 3 4 8 - док­то­рант­тар­ды PhD бас­қа­ру (док­то­рант­тар­дың са­ны) адам - ғы­лы­ми ұй­ым ға­лым­да­ры­ның бас­шы­лы­ғы­мен фи­ло­со­фия док­то­ры (PhD), бей­і­ні бой­ын­ша док­тор дә­ре­же­сін алу үшін қор­ғал­ған дис­сер­та­ци­я­лар­дың са­ны бірл. 9 Дис­сер­та­ци­я­лық ке­ңе­стер­дің жұ­мысы­на қа­ты­су: - Тө­ра­ға адам - Ке­ңес мү­ше­сі адам 10 Бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру кур­ста­ры­нан өт­кен қыз­мет­кер­лер са­ны: - ха­лы­қа­ра­лық дең­гей­де адам - рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де адам 11 Ма­ра­пат­тар, сый­лық­тар: - ха­лы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі (сый­лық­тар, ма­ра­пат­тар) адам - ғы­лым са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік сый­лық, ата­у­лы ғы­лы­ми сый­лық­тар адам - мем­ле­кет­тік ғы­лы­ми сти­пен­ди­я­лар, жас ға­лым­дар­ға сти­пен­ди­я­лар/өзге де сти­пен­ди­я­лар адам 4-блок бой­ын­ша жиы­ны: 5-блок. ҒЗЖ-ның ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық қам­та­ма­сыз еті­луі 12 Негіз­гі құ­рал­дар­дың ор­та­ша жыл­дық құ­ны: - 100 АЕК-тен кем 0/1 - 100 –1000 АЕК 0/1 - 1000 АЕК-тен жо­ға­ры 0/1 13 Ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге ар­нал­ған зерт­ха­на­лар және үй-жай­лар са­ны: - зерт­теу жұ­мыста­ры­на ар­нал­ған зерт­ха­на­ның бо­луы бірл. - сер­ти­фи­кат­тал­ған неме­се ат­те­стат­тал­ған (ак­кре­дит­тел­ген) зерт­ха­на­ның бо­луы: бірл. - ха­лы­қа­ра­лық дең­гей­де бірл. - рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де бірл. 5-блок бой­ын­ша жиы­ны: 1 2 3 4 6-блок. Ғы­лы­ми және ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық қыз­мет нәти­же­ле­рі 14 Зи­ят­кер­лік мен­шік объ­ек­ті­ле­рі: - Қор­ғау құ­жат­та­ры бірл. - Ав­тор­лық құқық бірл. - Ха­лы­қа­ра­лық па­тент, Ли­цен­зи­я­лық ке­лі­сім­дер бірл. 15 Соң­ғы 5 жыл­да жа­ри­я­лан­ған ғы­лы­ми жұ­мыстар­дың са­ны: - Clarivate Analytics ком­па­ни­я­сы­ның Journal Citation Reports де­ректе­рі бой­ын­ша 1, 2 және 3 квар­тиль­ге кі­ре­тін ха­лы­қа­ра­лық ре­цен­зи­я­ла­на­тын ғы­лы­ми жур­нал­дар­да неме­се Scopus де­ректер ба­за­сын­да ғы­лы­ми са­ла­лар­дың ең бол­ма­ған­да бі­ре­уі бой­ын­ша CiteScore бой­ын­ша ке­мін­де 35 про­цен­тиль көр­сет­кі­ші бар ба­сы­лым­дар­да ма­қа­ла, әле­умет­тік және гу­ма­ни­тар­лық ғы­лым­дар са­ла­сын­да Clarivate Analytics ком­па­ни­я­сы­ның Web of Science Core Collection де­ректер ба­за­сын­да ин­дек­с­те­ле­тін жур­нал­дар­да (Arts and Humanities Citation Index, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index бө­лі­мін­де) ма­қа­ла бірл. - РҒ­ДИ ин­дек­с­те­ле­тін ғы­лы­ми жур­нал­дар­да және бас­қа да нөл­дік емес им­пакт-фак­то­ры бар ха­лы­қа­ра­лық ба­за­лар­да бірл. - ҚР БҒМ БҒСБК ұсын­ған ғы­лы­ми ба­сы­лым­дар­да бірл. - кон­фе­рен­ци­я­лар­дың, фо­рум­дар­дың, съез­дер­дің, сим­по­зи­у­м­дер­дің, кон­гре­стер­дің ма­те­ри­ал­да­рын­да бірл. 16 Бас­па қыз­ме­ті - ғы­лы­ми жур­нал­дар бірл. - мо­но­гра­фи­я­лар, оқулық­тар бірл. - құ­рал­дар, әді­сте­ме­лік құ­жат­тар. бірл. 17 1 Та­яу және алыс ше­тел­дер­дің ғы­лы­ми ұй­ым­да­ры­мен ын­ты­мақ­та­стық­та іс­ке асы­ры­л­ған бағ­дар­ла­ма­лар, жо­ба­лар, ин­но­ва­ци­я­лық грант­тар, ғы­лы­ми 2 3 4 же­ті­стіктер­ді ен­гі­зу: - ше­тел­дік ұй­ым­мен бірл. - рес­пуб­ли­ка­лық ұй­ым­мен бірл 18 Көр­ме­лер­ге қа­ты­су: - ха­лы­қа­ра­лық дең­гей бірл. - рес­пуб­ли­ка­лық, өңір­лік дең­гей бірл. 6-блок бой­ын­ша жиы­ны: 7-блок. Са­рап­та­ма­лық-тал­дау, қо­ғам­дық қыз­мет, БАҚ 19 Жұ­мыс топ­та­ры­ның құ­ра­мы­на қа­ты­су, заң жо­ба­ла­ры­на, нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ге, бағ­дар­ла­ма­лар­ға ұсы­ны­стар әзір­леу және олар­ды са­рап­тау бірл. 20 Ғы­лы­ми, ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық бағ­дар­ла­ма­лар­ды, жо­ба­лар­ды, ҒЗЖ есеп­те­рін, дис­сер­та­ци­я­лар­ды, жур­нал­дар­дың ре­дак­ци­я­лық ал­қа­ла­ры құ­ра­мын­да­ғы ғы­лы­ми жа­ри­я­ла­ным­дар­ды са­рап­та­у­ға қа­ты­су бірл. 21 Ха­лы­қа­ра­лық және рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де­гі съез­дер, кон­фе­рен­ци­я­лар, сим­по­зи­у­м­дар, се­ми­нар­лар жұ­мысы­на қа­ты­су: - мо­де­ра­тор бірл. - ұй­ым­да­сты­ру ко­ми­те­ті­нің мү­ше­сі бірл. - ба­ян­да­ма­шы бірл. 22 Те­ле­ди­дар, ра­дио­лар­да сөз сөй­леу, рес­пуб­ли­ка­лық және жер­гі­лік­ті жур­нал­дар­да, га­зет­тер­де және элек­трон­дық ба­сы­лым­дар­да­ғы жа­ри­я­ла­ным­дар са­ны бірл. 7-блок бой­ын­ша жиы­ны: Бар­лы­ғы: Субъектінің рейтингін айқындау үшін жоғарыда келтірілген деректердің дұрыстығын растаймын Басшы ___________ __________________________ қолы Т.А.Ә. (бар болса) Ескертуге: аббревиатуралардың толық жазылуы: * АЕК – айлық есептік көрсеткіш * ҒЗЖ – ғылыми-зерттеу жұмысы * ГҚ – гранттық қаржыландыру * БНҚ – бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру * РҒДИ – Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі * ҒТҚН – коммерцияландыру-ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері * ҚР БҒМ БҒСБК – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті * БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы № қаулысына 2-қосымша Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасына 2-қосымша кімге ________________________ імнен _______________________ (субъектінің толық атауы) Өтініш (заңды тұлғалар үшін) Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде _______________________________________ аккредиттеуді өткізуді сұраймын. (заңды тұлғаның атауы (бар болса) Қосымша: Р/с № Құ­жат­тың ата­уы Бар-жо­ғы ту­ра­лы бел­гі 1 2 3 1. Субъ­ек­ті­нің рей­тинг­тік па­ра­ғы. 2. Ұй­ым жар­ғы­сы­ның но­та­ри­ат рас­та­ған кө­шір­ме­сі, ұй­ым­ды заң­ды тұл­ға ре­т­ін­де мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің кө­шір­ме­сі не заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы анық­та­ма 3. Рей­тинг­тік па­рақ­та көр­се­ті­ле­тін құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі, мә­лі­мет­тер 20____ ж. «_____» «_________» Басшы _______________ _____________ ____________________________ (Мөр орны) (Қолы) (Т.А.Ә. (бар болса))
Басқа 3
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы № қаулысына 3-қосымша Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасына 3-қосымша кімге _________________________ кімнен________________________ (Т.А.Ә.)_______________________ (тел./эл. мекенжай) Өтініш (жеке тұлғалар үшін) _____________________________________________________ ғылыми және (өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса)) (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу өткізуді сұраймын. Қосымша: Р/с № Құ­жат­тың ата­уы Бар-жо­ғы ту­ра­лы бел­гі 1 2 3 1. Мы­на­лар­дың: же­ке ку­ә­лік­тің, жо­ға­ры бі­лім ту­ра­лы ди­плом­ның; ма­гистр ди­пло­мы­ның және (неме­се) ғы­лы­ми дә­ре­же­ні (ғы­лым кан­ди­да­ты, ғы­лым док­то­ры), фи­ло­со­фия док­то­ры­ның (PhD) дә­ре­же­сін, бей­і­ні бой­ын­ша док­тор дә­ре­же­сін бе­ру ту­ра­лы ди­плом­ның және (неме­се) қа­уым­да­сты­ры­л­ған про­фес­сор (до­цент) неме­се про­фес­сор ғы­лы­ми ата­ғын бе­ру ту­ра­лы ат­те­стат­тың (ди­плом­ның) но­та­ри­ат рас­та­ған кө­шір­ме­ле­рі (ше­тел­дік бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры бер­ген бі­лі­мі ту­ра­лы құ­жат­тар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да бі­лім са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ға сәй­кес та­ны­ла­ды); 2. Соң­ғы 5 жыл­да жа­ри­я­лан­ған ғы­лы­ми ма­қа­ла­лар: тех­ни­ка­лық және жа­ра­ты­лы­ста­ну ғы­лым­да­ры үшін 1 ха­лы­қа­ра­лық па­тент неме­се Clarivate Analytics ком­па­ни­я­сы­ның Journal Citation Reports де­ректе­рі бой­ын­ша нөл­дік емес им­пакт-фак­то­ры бар ха­лы­қа­ра­лық ре­цен­зи­я­ла­на­тын ғы­лы­ми жур­нал­да, неме­се Scopus де­ректер ба­за­сын­да ғы­лы­ми са­ла­лар­дың ең бол­ма­ған­да бі­ре­уі бой­ын­ша CiteScore бой­ын­ша ке­мін­де 35 про­цен­тиль көр­сет­кі­ші бар ба­сы­лым­дар­да 1 (бір) ма­қа­ла, әле­умет­тік және гу­ма­ни­тар­лық ғы­лым­дар үшін Clarivate Analytics ком­па­ни­я­сы­ның Journal Citation Reports де­ректе­рі бой­ын­ша нөл­дік емес им­пакт-фак­то­ры бар неме­се Web of Science Core Collection де­ректер ба­за­сын­да (Arts and Humanities Citation Index, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index бө­лі­мін­де) 1 (бір) ма­қа­ла, сон­дай-ақ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стр­лі­гі Бі­лім және ғы­лым са­ла­сын­да­ғы ба­қы­лау ко­ми­те­ті ұсын­ған ғы­лы­ми жур­нал­да 3 (үш) ма­қа­ла. 20____ ж. «____» «_________» _____________________ _____________________________________ ( (Қолы) (Т.А.Ә. (бар болса))
Басқа 4. Субъектіні аккредиттеу туралы куәлік
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы № қаулысына 4-қосымша Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасына 4-қосымша Субъектіні аккредиттеу туралы куәлік Нұр-Сұлтан қ. «___» «__________» 20__ ж. «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес ______________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы / жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса)) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде бес жыл мерзімге аккредиттелді. Куәлік мемлекеттік бюджет қаражаты, Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет конкурсына қатысу үшін беріледі. Уәкілетті орган М. О. Сериясы _______ № _____