О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2011 года № 645 «Об утверждении Правил аккредитации субъектов научной и (или) научно-технической деятельности» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 531-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу жөніндегі мемлекеттік қызмет «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20626 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.»; 5-тармақ алып тасталсын; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Аккредиттеуді өткізу тәртібі»; 9 және 10-тармақтар алып тасталсын; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Аккредиттеуді жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган бекітетін ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесіне сәйкес бағалау жүргізіледі.»; 12-тармақ алып тасталсын; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Аккредиттеу туралы куәліктің мерзімі өткенге дейін оның қолданысы мынадай: 1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған; 2) куәліктің қолданысын тоқтату туралы субъектінің жазбаша өтініші болған; 3) аккредиттеу туралы куәлікті алған субъекті (жеке тұлға) қайтыс болған (белгілі бір салада жұмыспен байланысты арнайы құқықтан айырылуына негіз болған соттың әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген) жағдайларда тоқтатылады.»; 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «3-тарау. Қорытынды ережелер»; 15 және 16-тармақтар алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.