О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2011 года № 645 «Об утверждении Правил аккредитации субъектов научной и (или) научно-технической деятельности» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы « » № қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін (бұдан әрі – cубъектілер) аккредиттеуден өткізу, аккредиттеуден өткізу үшін құжаттар тапсыру, оларды қарау және ғылым саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) аккредиттеу туралы куәлігін беру тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аккредиттеу туралы куәлік – жеке не заңды тұлға жүзеге асыратын ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті уәкілетті органның ресми тануын растайтын, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат;
Тармақша 2
2) аккредиттеу – нәтижесінде субъектілер болып табылатын заңды және жеке тұлғалар өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін ресми тануға ие болу рәсімі.
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) заңды тұлға – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
Тармақша 2
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ғылыми ұйымдармен, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен еңбек қатынастарында тұратын ғылыми, инженерлік-техникалық және өзге де қызметкерлер, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дербес жүзеге асыратын ғалымдар субъектілер болып табылады.
Тармақ 4
4. Ғылыми-техникалық қызмет негізгі қызмет түрі болып табылмайтын, құрылымында ғылыми бөлімшелері бар ұйымдар өздерінің құрылтай құжаттарында бекітілген міндеттерді шешу мақсатында аккредиттеу туралы куәлік алу үшін уәкілетті органда аккредиттеуден өте алады.
Тармақ 5
5. Субъектілерді аккредиттеу олардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлік алған, сондай-ақ куәліктердің қолданысын тоқтатқан аккредиттелген субъектілердің уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылған деректер базасын қалыптастырады.
Тарау 2. 2-тарау. Аккредиттеуді өткізу тәртібі
2-тарау. Аккредиттеуді өткізу тәртібі
Тармақ 7
7. Жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеуді өткізу тәртібі «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20626 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 196 бұйрық) сәйкес жүзеге асырылады. Аккредиттеуді алу үшін жеке тұлғалар уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) № 196 бұйрыққа сәйкес нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) жеке куәліктің, жоғары білім туралы дипломның; магистр дипломының және (немесе) ғылыми дәрежені (ғылым кандидаты, ғылым докторы), философия докторының (PhD) дәрежесін, бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломның және (немесе) қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру туралы аттестаттың (дипломның) (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында білім саласындағы заңнамаға сәйкес танылады) көшірмелері;
Тармақша 3
3) соңғы 5 жылда жарияланған ғылыми мақалалар: техникалық және жаратылыстану ғылымдары үшін кемінде 1 (бір) халықаралық патент немесе Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда немесе Scopus деректер базасында ғылыми салалардың ең болмағанда біреуі бойынша CiteScore бойынша кемінде 35 процентиль көрсеткіші бар басылымдарда 1 (бір) мақала; әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар үшін Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар немесе Web of Science Core Collection деректер базасында (Arts and Humanities Citation Index, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index бөлімінде) индекстелетін басылымдарда кемінде 1 (бір) мақала, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми журналда кемінде 3 (үш) мақала. Заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асыру кезінде осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлікті алу шарттарына сәйкестігін бағалау (балл) шкаласы (заңды тұлғалар үшін) бойынша балдық жүйе негізінде сәйкестігіне бағалау жүргізіледі. Аккредиттеуден өту үшін шекті балл 22 (жиырма екі) балды құрайды және әрбір өлшемшарт бойынша шекті бағалар болып табылады. Бұл ретте заңды тұлғаның филиалдарын (өкілдіктерін) аккредиттеу ұйымның құрамында жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Аккредиттеу туралы куәлік 5 (бес) жыл мерзімге беріледі. Аккредиттеу туралы куәлік: заңды тұлғаға – басшыға немесе сенімхат негізінде уәкілетті тұлғаға қол қою арқылы; жеке тұлғаға – тікелей өтініш берушіге немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша уәкілетті тұлғаға немесе өкілеттігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 68-бабына сәйкес ресімделген оның өкіліне беріледі.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлік бланкілерінің дайындалуын, есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Аккредиттеу туралы куәліктің мерзімі өткенге дейін оның қолданысы мынадай:
Тармақша 1
1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған (бөліп шығару және бөлу нысанында) немесе таратылған;
Тармақша 2
2) куәліктің қолданысын тоқтату туралы субъектінің жазбаша өтініші болған;
Тармақша 3
3) аккредиттеу туралы куәлікті алған жеке тұлға қайтыс болған (белгілі бір салада жұмыспен байланысты субъектінің арнайы құқықтан айырылуына негіз болған соттың әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген) жағдайларда тоқтатылады. _______________________
Басқа 1.1. Аккредиттеу туралы куәлік
Ғылыми және (немесе) ғылыми- техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасына 1-қосымша Аккредиттеу туралы куәлік Нұр-Сұлтан қ. 20__ ж. «___» «__________» «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес ______________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы / жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса)) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде бес жыл мерзімге аккредиттелді. Куәлік мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар конкурстарына қатысу үшін беріледі. Уәкілетті орган М. О. Сериясы _______ № _____ _______________________________
Басқа 1.2. Аккредиттеу туралы куәлікті алу шарттарына сәйкестігін бағалау (балл) шкаласы (заңды тұлғалар үшін)
Ғылыми және (немесе) ғылыми- техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасына 2-қосымша Аккредиттеу туралы куәлікті алу шарттарына сәйкестігін бағалау (балл) шкаласы (заңды тұлғалар үшін) Р/с № Өл­ше­не­тін өл­шем­шар­ттар Көр­сет­кіш­тер Көр­сет­кіш­тің мәні, бір­лік, Npi Ба­ға­лау, балл, Qi Шек­ті балл (Pi(min) ) Бір­лік­тің нақ­ты са­ны (Nfi) Балл­дың нақ­ты са­ны (Fi) 1 2 3 4 5 6 7 8 1 Ғы­лы­ми және (неме­се) ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық қыз­мет­пен ай­на­лы­са­тын, ғы­лым док­то­ры, ғы­лым кан­ди­да­ты, фи­ло­со­фия док­то­ры (PhD), бей­і­ні бой­ын­ша док­тор ғы­лы­ми дә­ре­же­ле­рі бар, қа­уым­да­сты­ры­л­ған про­фес­сор (до­цент) неме­се про­фес­сор ғы­лы­ми ата­ғы бар, сон­дай-ақ ма­гистр ака­де­ми­я­лық дә­ре­же­сі бар қыз­мет­кер­лер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер 1) ғы­лым док­то­ры 2 бір­лік­ке дей­ін 2 4 3 және одан көп бір­лік 3 2) ғы­лым кан­ди­да­ты 2 бір­лік­ке дей­ін 2 3 және одан көп бір­лік 3 3) фи­ло­со­фия док­то­ры (PhD), бей­і­ні бой­ын­ша док­тор 2 бір­лік­ке дей­ін 2 3 және одан көп бір­лік 3 4) қа­уым­да­сты­ры­л­ған про­фес­сор (до­цент) неме­се про­фес­сор 2 бір­лік­ке дей­ін 2 3 және одан көп бір­лік 3 5) ма­гистр 2 бір­лік­ке дей­ін 1 3 және одан көп бір­лік 2 2 Ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу үшін ти­іс­ті жаб­дық­тал­ған ха­лы­қа­ра­лық және (неме­се) рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де­гі зерт­ха­на­лар­дың бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (зерт­ха­на­лар­дың бо­луын қа­жет ет­пей­тін гу­ма­ни­тар­лық, әле­умет­тік және эко­но­ми­ка­лық ғы­лым­дар­дан бас­қа) 1) зерт­теу жұ­мыста­ры­на ар­нал­ған зерт­ха­на­ның бо­луы 1 бір­лік 1 1 2 және одан көп бір­лік 2 2) сер­ти­фи­кат­тал­ған неме­се ат­те­стат­тал­ған (ак­кре­дит­тел­ген) зерт­ха­на­ның бо­луы: ха­лы­қа­ра­лық дең­гей­де 1 бір­лік 2 2 және одан көп бір­лік 3 рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де 1 бір­лік 1 2 және одан көп бір­лік 2 3 Қыз­мет­кер­дің соң­ғы 5 (бес) жыл­да бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­тер 1) ха­лы­қа­ра­лық дең­гей­де 2 бір­лік­ке дей­ін 1 1 балл 3 және одан көп бір­лік 2 2) рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де 2 бір­лік­ке дей­ін 1 3 және одан көп бір­лік 2 4 Соң­ғы 5 (бес) жыл­да­ғы ҒЗЖ қар­жы­лан­ды­ру және ғы­лы­ми, ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық жо­ба­лар мен бағ­дар­ла­ма­лар­ды орын­дау ту­ра­лы мә­лі­мет­тер 1) грант­тық қар­жы­лан­ды­ру 1 бір­лік 2 4 балл 2 және одан көп бір­лік 3 2) бағ­дар­ла­ма­лық-ны­са­на­лы қар­жы­лан­ды­ру 1 бір­лік 2 2 және одан көп бір­лік 3 3) ғы­лы­ми және (неме­се) ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық қыз­мет нәти­же­ле­рін ком­мер­ци­я­лан­ды­ру­ға грант­тар 1 бір­лік 2 2 және одан көп бір­лік 3 4) өзге көз­дер­ден грант­тар (ком­мер­ци­я­лан­ды­ру жо­ба­ла­ры ха­лы­қа­ра­лық ұй­ым­дар мен қор­лар­дың және т.б. қар­жы­лан­ды­руы) 1 бір­лік 2 2 және одан көп бір­лік 3 5) мен­шік­ті қа­ра­жат 1 бір­лік 2 2 және одан көп бір­лік 3 6) өзге көз­дер (биз­нес, үкі­мет­тік емес қор­лар мен ұй­ым­дар қар­жы­лан­ды­ра­тын бағ­дар­ла­ма­лар мен жо­ба­лар) 1 бір­лік 2 2 және одан көп бір­лік 3 5 Соң­ғы 5 (бес) жыл­да­ғы зи­ят­кер­лік мен­шік объ­ек­ті­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер 1) қор­ғау құ­жат­та­ры 1 бір­лік 2 2 балл 2 және одан көп бір­лік 3 2) ав­тор­лық құқық 1 бір­лік 2 2 және одан көп бір­лік 3 3) ха­лы­қа­ра­лық па­тент, ли­цен­зи­я­лық ке­лі­сім­дер 1 бір­лік 2 2 және одан көп бір­лік 3 6 Соң­ғы 5 (бес) жыл­да жа­ри­я­лан­ған ғы­лы­ми жұ­мыстар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер 1) Clarivate Analytics ком­па­ни­я­сы­ның Journal Citation Reports де­ректе­рі бой­ын­ша 1, 2 және 3 квар­тиль­ге кі­ре­тін ха­лы­қа­ра­лық ре­цен­зи­я­ла­на­тын ғы­лы­ми жур­нал­дар­да неме­се Scopus де­ректер ба­за­сын­да ғы­лы­ми са­ла­лар­дың ең бол­ма­ған­да бі­ре­уі бой­ын­ша CiteScore бой­ын­ша ке­мін­де 35 про­цен­тиль көр­сет­кі­ші бар ба­сы­лым­дар­да ма­қа­ла, әле­умет­тік және гу­ма­ни­тар­лық ғы­лым­дар са­ла­сын­да Clarivate Analytics ком­па­ни­я­сы­ның Web of Science Core Collection де­ректер ба­за­сын­да ин­дек­с­те­ле­тін жур­нал­дар­да (Arts and Humanities Citation Index, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index бө­лі­мін­де) ма­қа­ла 2 бір­лік­тен 3 10 балл 3 және одан көп бір­лік 4 2) РҒ­ДИ ин­дек­с­те­ле­тін ғы­лы­ми жур­нал­дар­да­ғы және бас­қа да нөл­дік емес им­пакт-фак­то­ры бар ха­лы­қа­ра­лық ба­за­лар­да­ғы ғы­лы­ми ма­қа­ла­лар 2 бір­лік 2 3 және одан көп бір­лік 3 3) ҚР БҒМ БҒСБК ұсын­ған ғы­лы­ми ба­сы­лым­дар­да­ғы ғы­лы­ми ма­қа­ла­лар 2 бір­лік 2 3 және одан көп бір­лік 3 4) кон­фе­рен­ци­я­лар, фо­рум­дар, съез­дер, сим­по­зи­у­м­дар, кон­гре­стер бой­ын­ша ма­те­ри­ал­дар 2 бір­лік 2 3 және одан көп бір­лік 3 5) мо­но­гра­фи­я­лар, оқулық­тар, құ­рал­дар, әді­сте­ме­лік құ­жат­тар 2 бір­лік 2 3 және одан көп бір­лік 3 Бар­лы­ғы: 22 балл Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: * ҒЗЖ – ғылыми-зерттеу жұмысы; * РҒДИ – Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі; * БҒМ БҒСБК – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті. Аккредиттеуден өту үшін шекті деңгей 1-формула бойынша айқындалады: мұндағы Рmin – шекті балл, Pi(min) – белгіленген i өлшемшарттары бойынша шекті балл, n – өлшемшарттар саны, i= 1,2,3,4,5,6 Өлшемшарттар бойынша шекті деңгей 2-формула бойынша анықталады: мұндағы Npi – i-көрсеткішінің мәні, бірлік, Qi – балмен бағалау. Егер өтініш берушінің бағалау өлшемшарттары бойынша көрсеткіштерінің нақты мәндері шекті мәннен жоғары болса, бағалау балы 3, 4-формулаларға сәйкес 1 балға (+1) ұлғайтылады. мұндағы Pi(min+1) – i-көрсеткіш (min+1) бойынша жиынтық балл, Npi i-көрсеткішінің, бірліктің мәні, Qi +1 – балмен бағалау. мұндағы Рmin+1 – жиынтық балл, Pi(min+1) – белгіленген i өлшемшарттары бойынша балдар, n – өлшемшарттар саны, i= 1,2,3,4,5,6 ______________________