О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 мая 2012 года № 596 «Об утверждении Правил обеспечения кандидата в космонавты, космонавта ежегодными профилактическими осмотрами, медицинским и санаторно-курортным лечением» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 596 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 596 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 662-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ғарышкерлікке кандидаттың, ғарышкердің жыл сайынғы профилактикалық тексерілуін, медициналық және санаторийлік-курорттық емделуін қамтамасыз ету қағидаларында: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Туа біткен және жүре пайда болған аурулардан, сондай-ақ жіті, созылмалы аурулар мен жарақаттардың салдарынан зардап шегетін ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер және олардың отбасы мүшелері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қалпына келтіру еміне және медициналық оңалтуға жіберіледі.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.