О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 августа 2013 года № 324 «Об утверждении отраслевой системы поощрения Министерства образования и науки Республики Казахстан» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8676 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 220 (28159) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесінде: 27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «27. Кредиттер жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесінде әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы қызметті жүзеге асыратын студенттерге қызметтің мынадай түрлері бойынша беріледі: 1) инклюзивті білім беру; 2) репетиторлық (тілдер, компьютерлік сауаттылық); 3) девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмаған балалармен жұмыс; 4) аула және спорт клубтарын ұйымдастыру; 5) балалармен, қарт адамдармен және мүгедектермен әлеуметтік жұмыс; 6) қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау саласындағы жұмыс; 7) емдеушілерге, қарт адамдарға және мүгедектерге қызмет көрсететін мемлекеттік және жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдарының және басқа да әлеуметтік бағыттағы ұйымдардың жұмысына қатысу; 8) волонтерлермен республикалық және қалалық іс-шараларды өткізу кезінде жергілікті жастар ресурстық орталықтарының жұмысына қатысу; 9) туризмді дамыту мақсатында экскурсиялық қызметті (мұражайларға, кітапханаларға және қаланың басқа да көрікті жерлеріне бару) ұйымдастыру кезінде туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға жұмысқа көмек көрсету; 10) халықаралық іс-шараларды (форумдар, универсиадалар, фестивальдер, спартакиадалар) ұйымдастыруға көмек көрсету; 11) жануарларға арналған панадағы жұмыс. Әлеуметтік-бағытталған, қоғамдық пайдалы жұмыспен айналысатын студенттер 1, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 11 - тармақшаларды қоспағанда оны онлайн-форматта жүзеге асыруға құқылы.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.