О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 августа 2013 года № 324 «Об утверждении отраслевой системы поощрения Министерства образования и науки Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 08 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 08 тамыздағы № 324 бұйрығына енгізу (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8676 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 282 (27556) «Казахстанская правда» газетіне жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесінде:
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Наградтау материалдары Министрліктің ведомстволық наградалар жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) отырысында қаралады. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және Министрліктің Аппарат басшысының қарауына енгізіледі.
10. Төсбелгімен, Министрліктің «Құрмет грамотасымен», Министрліктің Алғысымен марапаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі – Министр) келісімі бойынша Министрліктің Аппарат басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Ведомстволық наградадан айырылған адам оны Министрліктің Аппарат басшысының тиісті бұйрығы қабылданған күннен бастап бір ай ішінде мемлекеттік органға қайтарады.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Әрбір марапатталушыға ведомстволық наградаларды тапсырумен бір мезгілде марапаттау туралы тиісті куәлік беріледі.
Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының басшыларын қоспағанда, Министрліктің және оның ведомстволарының қызметкерлерін марапаттау туралы куәлікке Министрліктің Аппарат басшысы қол қояды.
Қалған жағдайларда марапаттау туралы куәлікке Министр қол қояды.».
Тармақ 2
2. Персоналды басқару қызметі (басқару құқығында) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ааппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
«__» _______ 2021 жыл