О внесении изменения в постановление акимата Жылыойского района от 8 октября 2013 года № 544 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Отдел экономики и финансов Жылыойского района» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жылыой ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 8 қазандағы № 544 «Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18, 124 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Жылыой ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 8 қазандағы № 544 «Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалып, бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыдан туындайтын шараларды жүзеге асыру Жылыой ауданы экономика және қаржы бөліміне (Ж.Дюсупова) тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Жылыой ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
Басқа 4. «Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Жылыой ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «28» қарашадағы № 490 қаулысына қосымша Жылыой ауданы әкімдігінің 2013 жылғы «08» қазандағы № 544 қаулысымен бекітілген «Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-бөлім) Жылыой ауданының бюджетін жоспарлау мен орындау, ауданның экономика және коммуналдық меншігін басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Мекеменің атауы: «Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Бөлімнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Жылыой ауданы, 060100, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 20А үй.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы – «Жылыой ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады. Мекеменің басқару органы – «Жылыой ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Тармақ 12
12. Бөлімнің қызметін каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. «Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. «Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 14
14. Мақсаттары: Ауданның тұрақты экономикалық өсуіне және бәсекелестік қабілетінің сапалы жаңа деңгейіне жетуіне себеп болатын, әлеуметтік – экономикалық саясатты жүзеге асыру, бюджеттік қаражатты жоспарлау және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету және ауданның коммуналдық меншігін тиімді басқару.
Тармақ 15
15. Өкілеттіктері: Құқықтары: Экономика және қаржы бөлімнің өзіне жүктелген міндеттерді және функцияларды жүзеге асыру барысында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) өз өкiлеттiгi шегiнде орындалуға тиіс нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан белгiленген тәртiппен қажеттi ақпарат пен материалдарды алуға;
Тармақша 3
3) қолданыстағы заң актілерінде және осы Ереженің функцияларында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. Міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға;
Тармақша 2
2) жалпы мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа, оның ішінде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
Тармақша 3
3) қызметтік қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды сақтауға;
Тармақша 4
4) азаматтар мен заңды тұлғалар заңды мүдделерiнiң сақталуы, заңдарда белгiленген тәртiппен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;
Тармақша 5
5) экономика және қаржы бөліміне берiлген құқықтар шегiнде және осы Ережеге сәйкес өзінің өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдар экономика және қаржы бөлімінің өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;
Тармақша 7
7) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
Тармақша 8
8) коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы Президентінің стратегиялық бағдарламасы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыс әкімінің іс-қимылдары жоспарларына сәйкес ауданның әлеуметтік-экономикалық реформаларын жүргізу және бюджетті жоспарлау жұмыстарын үйлестіру;
Тармақша 10
10) аумақтық және республикалық бағдарламалардың және бюджетті жоспарлауды орындалуын бақылау, талдау, ұсыныстарды енгізу;
Тармақша 11
11) аудандық бюджеттің орындалуы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 12
12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте салықтық, ақша-кредит саясатымен өзара іс-қимыл жасай отырып, мемлекеттік бюджет саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
Тармақша 13
13) бюджеттік бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізу және бюджеттің орындалуы жөнінде ұсыныстар беру;
Тармақша 14
14) жергілікті бюджеттің кіріс түсімдеріне талдау жасау;
Тармақша 15
15) бағдарламалар әкімшілері бойынша бюджеттің орындалуына қорытынды дайындау және талдамалық есеп беру;
Тармақша 16
16) аудандық коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің мемлекеттік саясатын іске асыру;
Тармақша 17
17) аудандық коммуналдық мүлікті заңнамада белгіленген тәртіппен мақсатты және тиімді пайдалану.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) ауданда стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу және үш жылдық кезеңге арналған аудандық бюджет, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы мәслихат шешімдерін іске асыру туралы аудандық әкімдіктің қаулыларының жобаларын әзірлеу;
Тармақша 2
2) қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістерді бекіту, нақтылау және енгізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен бюджеттік сұранымды алу, бюджеттік бағдарламаларын Атырау облысы әкімдігінің (https://www.gov.kz) веб-порталына орналастыруды қадағалау;
Тармақша 3
3) міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жасау, бекіту, өзгерістер енгізу және жергілікті бюджет бойынша түсімдердің жиынтық жоспарын жүргізу;
Тармақша 4
4) бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бюджетке төленетін төлемдер түсімдерінің мерзімін, бюджетке өткен жылдары түскен төлемдер түсімдерінің динамикасын, мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық динамикасын талдау және бағалы қағаздар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстар деңгейін, кредиттік шарттардың, қарыз шарттарының, байланысты гранттар туралы келісімдердің талаптарын негізге ала отырып, бюджет түсімдері сыныптамасының топтама кодтарының толық көлемін жасау;
Тармақша 5
5) аудан бюджетіне салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттер түсімдерінің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдердің, сондай-ақ қарыздар түсімдерінің артық (қате) төленген сомаларының қайтарылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) бюджет ақшасын басқару, бюджеттік мониторинг жүргізеді;
Тармақша 7
7) аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті және мақсаттарға қол жеткізу бойынша операциялық бағалауды жасақтап, әкімдікке, мәслихатқа, тексеру комиссиясына, облыстық экономика және қаржы басқармасына, облыстық ішкі мемлекеттік аудитке ұсыну;
Тармақша 8
8) Республикалық және облыстық трансферттердің игерілу барысы бойынша мониторинг жасау және ұсыну;
Тармақша 9
9) демеушілік пен қайырымдылық көмектен ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есепті ұсыну;
Тармақша 10
10) аудан бойынша кредиторлық және дебиторлық берешек туралы есепті ұсыну;
Тармақша 11
11) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің белгіленген нысаны бойынша демеушілік, қайырымдылық көмектің бақылау шоттарын ашу жөнінде өтініштерін қарау және ақшаны уақытша шетелдік валюта шоттарына орналыстыру;
Тармақша 12
12) бекітілген көлемде облыстық бюджеттің кірісіне бюджеттік алымдар аудару;
Тармақша 13
13) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;
Тармақша 14
14) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), тәркіленген мүлікті есепке алу және одан әрі пайдалану бойынша дерекқорды жүргізу;
Тармақша 15
15) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз немесе шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға беру;
Тармақша 17
17) дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерін есептен шығарылуына келісім беру;
Тармақша 18
18) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ олардың акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару туралы шешімдер қабылдауға қатысу;
Тармақша 19
19) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін) бекітуге, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, аудандық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға осыған уәкілеттік беруге қатысу;
Тармақша 20
20) аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 21
21) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп беру;
Тармақша 22
22) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім беру;
Тармақша 23
23) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдауға қатысу;
Тармақша 24
24) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
Тармақша 25
25) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 26
26) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды міндетті түрде жария тыңдаулар өткізе отырып жекешелендіруді жүзеге асыру, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 27
27) өзіне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. «Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. «Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 17
17. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жән оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 18
18. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 19
19. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 20
20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) өзінің орынбасары мен басқа да қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 5
5) бөлімінің актілеріне қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда экономика және қаржы бөлімін білдіреді;
Тармақша 7
7) бөлімнің жұмыс регламентін және штаттық кестесін бекітеді;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Жұмыс режимі
4-тарау. Жұмыс режимі
Тармақ 22
22. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тарау 5. 5-тарау. «Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
5-тарау. «Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Тармақ 23
23. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 24
24. Бөлімге бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 25
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлімінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 6. 6-тарау. «Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
6-тарау. «Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 26
26. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.