О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 8 декабря 2014 года № 183 «Об утверждении перечня нефтепродуктов, на которые устанавливается государственное регулирование цен» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы №183 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы №183 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің мемлекеттік тізілімінде № 9959 болып тіркелген, 2015 жылдың 16 сәуірінде №69 (28547) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған ) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 4 қыркүйек № 556 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 183 бұйрығымен бекітілді Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі
Тармақша 1
1) Аи-80 маркалы бензин, бөлшек сауда арқылы өткізу;
Тармақша 2
2) дизель отыны (жазғы, маусымаралық),бөлшек сауда арқылы өткізу.