О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 8 декабря 2014 года № 183 «Об утверждении перечня нефтепродуктов, на которые устанавливается государственное регулирование цен» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 183 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9959 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнайды тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № 6 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 183 бұйрығымен бекітілді Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Аи-80 маркалы бензин, бөлшек саудада өткізу.
Тармақ 2
2. Аи-92 маркалы бензин, бөлшек саудада өткізу.
Тармақ 3
3. Аи-93 маркалы бензин, бөлшек саудада өткізу.
Тармақ 4
4. Дизель отыны (жазғы, маусымаралық), бөлшек саудада өткізу.