О внесении изменений в постановление акимата Хромтауского района от 8 сентября 2014 года № 276 "Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов на период проведения выборов" Қолданыста
Басқа 0
Хромтау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 276 "Сайлау өткізу кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Хромтау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 276 "Сайлау өткізу кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4031 тіркелген, 2014 жылғы 11 қыркүйекте аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. "Хромтау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Мұстапаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Сайлау өткізу кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
2026 жылғы «16» маусым
№ 187 қаулысына қосымша
Сайлау өткізу кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
№
Қала және ауылдық округтердің атауы
Қала немесе елді мекен атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
1
Ақжар ауылдық округі
Ақжар ауылы
ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, Әйтеке-би көшесі, 67
Жазык бекеті
бастауыш мектеп ғимараты, Бірлік көшесі, 6
2
Аққұдық ауылдық округі
Аққұдық ауылы
орта мектеп ғимараты, Құрманғали Оспанов көшесі, 13
3
Абай ауылдық округі
Абай ауылы
орта мектеп ғимараты, Мектеп көшесі, 17
4
Бөгетсай ауылдық округі
Бөгетсай ауылы
ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, Әлия Молдағұлова көшесі, 9
5
Дөң ауылдық округі
Дөң ауылы
орта мектеп-гимназиясы ғимараты, Бейбітшілік көшесі, 50
Онғар ауылы
орта мектеп ғимараты, Адыр көшесі, 27
6
Қызылсу ауылдық округі
Қызылсу ауылы
орта мектеп ғимараты, Ыбырай Алтынсарин көшесі, 7
Сарсай ауылы
ауылдық әкімдік ғимараты, Абая көшесі, 23
7
Құдықсай ауылдық округі
Кұдыксай ауылы
негізгі мектеп ғимараты, Мектеп көшесі, 1
8
Қопа ауылдық округі
Қопа ауылы
ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, Мәншүк Маметова көшесі, 22
Тамды ауылы
орта мектеп ғимараты, Ардагерлер көшесі, 1
9
Көктау ауылдық округі
Көктау ауылы
орта мектеп ғимараты, Нұрлы-көш көшесі, 37а
10
Көктөбе ауылдық округі
Майтөбе ауылы
орта мектеп ғимараты, Тәуелсіздік көшесі, 1
11
Тассай ауылдық округі
Тассай ауылы
ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, Бейбітшілік көшесі, 12
12
Некілтау ауылы
Некілтау ауылы
ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, Мектеп көшесі, 2
13
Табантал ауылдық округі
Табантал ауылы
ауылдық клуб ғимараты, Табантал көшесі, 62
14
Тасөткел ауылдық округі
Тасөткел ауылы
ауылдық әкімдік ғимараты, Орталық көшесі, 16
15
Хромтау қаласы
Хромтау қаласы
қалалық әкімдік ғимараты, М.Горький, 9
"Саяхат" автобекеті, М Әуезов көшесі, 2В
Орталық мешіт ғимараты, М.Әуезова көшесі, 4А