О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 8 февраля 2014 года № 76 «Об утверждении Правил выдачи, продления и отзыва разрешения трудовому иммигранту, а также регистрации, формирования и ведения дакто-, фотоучетов трудовых иммигрантов» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9200 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2014 жылғы 2 сәуірде №63 (27684) жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фото есепке алуды тіркеу, қалыптастыру және жүргізу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 1. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидалары
2020 жылғы 31 наурызы № 273 Бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығымен бекітілген Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 43-2-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерге дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Тармақ 2
2. «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттарды беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жеке өзі жүгінген кезде немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін ұсынады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. Еңбекші көшіп келушіге Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда рұқсатты беру (ұзарту) туралы өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті алушы Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін, сондай-ақ жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғада шетелдіктердің еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсатты беруге құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Тармақ 5
5. Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау туралы мәртебе , сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілетін хабарлама шығады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні ұсынылған құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар пакетін және (немесе) мәліметтерді ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелдемелі бас тартуды дайындайды. Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар пакетін және (немесе) мәліметтерді ұсынған жағдайда уәкілетті қызметкер құжаттарды алуға талон береді, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келуіне салыстыра тексеруді жүзеге асырады, оның ішінде:
Тармақша 1
1) өтініштің мазмұнын жеке басты куәландыратын құжаттардың және шетелдікпен әңгіме барысында алынған мәліметтерді Көші-қон полициясы Ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - КҚП АЖ) деректерімен және басқа да дереккөздерінің деректері бойынша салыстырады;
Тармақша 2
2) шетелдіктің азаматтығын Қазақстан Республикасында кемінде үш айға визасыз болу мүмкіндігін көздейтін келу және кетудің визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасы келісім жасасқан елдердің тізімімен салыстырады;
Тармақша 3
3) жеке табыс салығы бойынша алдын ала төленген сома өтініште көрсетілетін еңбекші көшіп келушінің рұқсатына сәйкес келуін тексереді;
Тармақша 4
4) ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректер базалары бойынша соттылығына және іздестірілуіне тексеруді жүзеге асырады, тексеру нәтижелері материалдарға қоса тігіледі;
Тармақша 5
5) еңбекші көшіп келушіге басталатын жинақтау материалдарына Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды қоса тігеді.
Тармақ 7
7. Тексерудің оң нәтижесі болған жағдайда қызметкер Көші-қон полициясы ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – КҚП АЖ) көрсетілетін қызметті алушының өтінішіне сәйкес ақпаратты енгізеді және шетелдіктің елімізге (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту күні) келуі заңдылығын, бұрын берілген рұқсаттардың болуын, олардың жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін шетелдіктің Қазақстан Республикасынан уақтылы шығуын, сондай-ақ алдыңғы рұқсаттың жарамдылық мерзімінің аяқталуы күнінен күнтізбелік 30 күн өткеніне растауды тексеруді жүзеге асырады. КҚП АЖ автоматты режимде барлық берілген рұқсаттар бойынша ақпаратты «Бүркіт» БАЖ «Жұмысқа рұқсат» ақпараттық объектісіне (бұдан әрі – АО) жолдайды.
Тармақ 8
8. Жеке тұлғада еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбекші көшіп келушіге рұқсат, сондай-ақ рұқсатты ұзарту Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру (ұзарту) туралы өтініште көрсетілген мерзімге беріледі және Заңның 43-1-бабының талаптарына сәйкес келетін бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін. Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттың барынша көп мерзімі он екі айдан аспайды. Еңбекші көшіп келушіге жаңа рұқсат алдыңғы рұқсатының мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен ерте берілмейді. Еңбекші көшіп келуші жүгінгенде рұқсат немесе ұзарту, сондай-ақ бас тарту жүгінген күннен бастап жұмыс күні ішінде ресімделеді.
Тармақ 9
9. Бірегей штрих кодты қамтитын еңбекші көшіп келушіге арналған рұқсат, сондай-ақ рұқсатты ұзарту екі данада басылып шығарылады. Рұқсаттың (рұқсатты ұзарту) бір данасы еңбекші көшіп келушіге беріледі, рұқсаттың екінші данасы материалдарға тігіледі. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде оң шешілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат немесе рұқсатты ұзарту беріледі, рұқсаттың (рұқсатты ұзарту) екінші данасы материалдарға қоса тігіледі. Портал арқылы жүгінген кезде КҚП АЖ автоматты режимде келіп түскен өтінімді табысты тексергеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетінде 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұзартылған рұқсатты алу үшін қолжетімді болады.
Тармақ 10
10. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат оның өтініші бойынша өтініште көрсетілген мерзімге ұзартылады және бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін.
Тармақ 11
11. Егер еңбекші көшіп келуші басқа көші-қон қызметінің бөлінісіне рұқсатты ұзарту үшін жүгенген жағдайда, онда қызметкер КҚП АЖ-да іздеуді жүзеге асырады, содан кейін осы Қағидалардың 6-9-тармақтарына сәйкес рұқсатты ұзартуды жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру және ұзарту материалдары 1 жылдың ішінде ұзартуды ресімдеген көші-қон қызметі бөліністерінде сақталады.
Тармақ 13
13. Рұқсатты абайсызда бүлдіріп алған немесе жоғалтқан жағдайда қызметкер ішкі істер органдарының аумақтық бөлінісі басшылығының атына еркіті нысанда ресімделген өтініш негізінде КҚП АЖ бойынша тиісті тексеруден кейін рұқсаттың телнұсқасын береді.
Тармақ 14
14. Мыналар:
Тармақша 1
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) онда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықтау;
Тармақша 2
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың сәйкес келмеуі;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысымен бектілген, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын 4-тармағы 2) тармақшасына сәйкес бөлінген еңбекші көшіп келушілерді тартуға квотаны асыру Қазақстан Республикасының заңңамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 15
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік корпорациясы арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорациясы басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.
Тарау 4. 4-тарау. Еңбекші көшіп келушінің рұқсатын қайтарып алу тәртібі
4-тарау. Еңбекші көшіп келушінің рұқсатын қайтарып алу тәртібі
Тармақ 16
16. Мыналар:
Тармақша 1
1) жұмыс беруші – жеке тұлғаларда үй жұмыскерлері ретінде үй шаруашылығында жұмыстар орындаумен (қызметтер көрсетумен) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) еңбекші көшіп-келушіде еңбек шартында көрсетілген, таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруының болуы;
Тармақша 3
3) еңбекші көшіп келушінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзуы көші-қон қызметі қызметкерлерінің еңбекші көшіп-келушіден рұқсатты қайтарып алу үшін негіздер болып табылады.
Тармақ 17
17. Еңбекші көшіп келушіден рұқсатты қайтарып алу туралы ақпаратты алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде көші-қон қызметінің қызметкері сәйкес шешім шығарады, қайтарып алу негіздерін көрсете отырып, КҚП АЖ-ға ақпарат енгізеді, еңбекші көшіп келушіге хабарлайды, шетелдіктің Қазақстан Республикасында уақытша болу мерзімін қысқартады.
Тарау 5. 5-тарау. Еңбекші көшіп келушілердің дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу тәртібі
5-тарау. Еңбекші көшіп келушілердің дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу тәртібі
Тармақ 20
20. Еңбекші көшіп келушілердің дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 75қбпү бұйрығымен бектілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9662 болып тіркелген) Ішкі істер органдарында жедел-криминалистикалық қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Дактилоскопиялау нәтижесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес дактилоскопиялаудан өткені және суретке түскені туралы анықтамамен екі данада ресімделеді, бірінші данасы деректер базасын қалыптастыру және есептер бойынша тексеру үшін жедел-криминалистикалық бөліністе қалады, екіншісі еңбекші көшіп келушіге беріледі. Бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталған кезде материал ішкі істер органдарының мүдделі бөліністеріне беріледі.
Басқа 1.1
Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 1-қосымша «Ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші­ге рұқ­сат­тар бе­ру және ұзар­ту» мем­ле­кет­тік қыз­мет стан­дар­ты 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Аумақ­тық по­ли­ция бө­лі­ні­сте­рі 2 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры) Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші; 2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы; 3) «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы: www.​egov.​kz – ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші­лер­ге рұқ­сат­тар­ды ұзар­ту ке­зін­де. 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға қа­жет­ті құ­жат­тар­дың па­ке­тін тап­сыр­ған күн­нен ба­стап – 1 (бір) жұ­мыс күн; Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге құ­жат­тар па­ке­тін тап­сы­ру үшін рұқ­сат еті­ле­тін ең ұзақ кү­ту уа­қы­ты – 20 (жиыр­ма) ми­нут, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда – 15 (он бес) ми­нут; Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда қыз­мет көр­се­ту­дің ең ұзақ қыз­мет көр­се­ту уа­қы­ты – - 20 (жиыр­ма) ми­нут; пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де – 30 (отыз) ми­нут. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық және қа­ғаз тү­рін­де 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші­лер­ге рұқ­сат­тар­ды бе­ру және ұзар­ту не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­де­ме­лі жа­у­ап бо­лып та­бы­ла­ды. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: қа­ғаз тү­рін­де. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді. Жұ­мыс кесте­сі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сі – дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­iн, са­ғат 13-00-ден 14-30 дей­ін түс­кі ас­қа үзі­ліс, сен­бі кү­ні са­ғат 09.00-ден 13.00-ге дей­ін, де­ма­лыс – жек­сен­бі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес ме­ре­ке күн­де­рі. Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту­дің нәти­же­ле­рін бе­ру көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 9.00-ден 17.30-ға дей­iн, са­ғат 13-00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі ас­қа үзіл­іспен, сен­бі кү­ні са­ғат 09.00-ден 13.00-ге дей­ін, де­ма­лыс – жек­сен­бі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес ме­ре­ке күн­де­рі. 2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция – дүй­сен­бі­ден ба­стап сен­бі­ні қо­са ал­ған­да бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­iн, түс­кі ас­қа үзі­ліс­сіз, де­ма­лыс – жек­сен­бі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес ме­ре­ке күн­де­рі. Қа­был­дау же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз «элек­трон­дық ке­зек» тәр­ті­бі­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, «элек­трон­дық ке­зек­ті» пор­тал ар­қы­лы брон­да­у­ға бо­ла­ды. 3) пор­тал – тәу­лік бойы, жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­мен бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні бе­рі­ле­ді). Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры: 1) Ми­ни­стр­лік­тің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да – www.​mvd.​gov.​kz «Ми­ни­стр­лік ту­ра­лы» бө­лі­мін­де, «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің құ­ры­лым­дық бө­лі­ні­сте­рі­нің веб-ре­сур­ста­ры» кі­ші бө­лі­мін­де; 2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ин­тер­нет-ре­сур­сын­да – www.​gov4c.​kz; 3) пор­тал­да – www.​egov.​kz ор­на­ла­сты­ры­л­ған. 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі Ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге неме­се «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­ға (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция) рұқ­сат­ты ре­сім­деу үшін жү­гін­ген кез­де мы­на­дай құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды: ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші­ге рұқ­сат бе­ру (ұзар­ту) ту­ра­лы өті­ніш; же­ке кі­ріс са­лы­ғы бой­ын­ша ал­дын ала тө­лем­ді тө­ле­ге­ні ту­ра­лы тү­бір­тек кө­шір­ме­сін (түп­нұс­қа­сы са­лы­сты­ру үшін бе­рі­ле­ді); Мем­ле­кет­тік ше­ка­ра­ны ке­сіп өт­ке­ні ту­ра­лы бел­гі­сі бар же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі (түп­нұс­қа­сы са­лы­сты­ру үшін бе­рі­ле­ді); Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на ше­тел­дік­тер мен аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға ке­лу­ге тый­ым са­лын­ған сыр­қа­ты­ның бол­мауы ту­ра­лы ше­тел­дік­ті ме­ди­ци­на­лық ку­әлан­ды­ру ту­ра­лы анық­та­ма; жүр­гі­зі­л­ген дак­ти­ло­ско­пи­я­лау және су­рет­ке тү­сі­ру ту­ра­лы анық­та­ма – осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін стан­дарт­қа 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша (кө­шіп ке­лу­ші­нің ал­дың­ғы күн­тіз­бе­лік жыл ішін­де ең­бек рұқ­са­тын ал­ға­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер болған кез­де дак­ти­ло­ско­пи­я­лау және су­рет­ке тү­сі­ру жүр­гі­зіл­мей­ді); ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­дың кө­шір­ме­сін (түп­нұс­қа­сы са­лы­сты­ру үшін бе­рі­ле­ді); Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да уа­қыт­ша тұ­ру ор­ны бой­ын­ша жү­гін­ген кез­де рұқ­сат­ты ұзар­ту үшін мы­на­дай құ­жат­тар ұсы­ны­ла­ды: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге не Мем­ле­кет­тік ко­по­ра­ци­я­ға же­ке өзі жү­гін­ген кез­де: ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші­ге рұқ­сат бе­ру (ұзар­ту) ту­ра­лы өті­ніш; же­ке кі­ріс са­лы­ғы бой­ын­ша ал­дын ала тө­лем­ді тө­ле­ге­ні ту­ра­лы тү­бір­тек кө­шір­ме­сін (түп­нұс­қа­сы са­лы­сты­ру үшін бе­рі­ле­ді); ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші­ге бұ­рын бе­рі­л­ген рұқ­сат; Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес жұ­мыс бе­ру­ші мен кө­шіп-ке­лу­ші ара­сын­да жа­сал­ған ең­бек шар­ты­ның кө­шір­ме­сін; ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­дың кө­шір­ме­сін (түп­нұс­қа­сы са­лы­сты­ру үшін бе­рі­ле­ді); не пор­тал ар­қы­лы: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен және ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші­ге рұқ­сат­ты ұзар­ту­ға ке­лі­сім бер­ген жұ­мыс бе­ру­ші­нің элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық сұ­рау са­луы. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз 1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы құ­жат­тар­дың және (неме­се) он­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мәо­імет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гін анық­тау; 2) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­тын­да көз­дел­ген тіз­бе­ге сәй­кес мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың сәй­кес кел­ме­уі; 3) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2016 жы­л­ғы 15 жел­тоқ­сан­да­ғы № 802 қа­улы­сы­мен бек­ті­л­ген, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на ше­тел­дік жұ­мыс кү­шін тар­ту­ға ар­нал­ған кво­та­ны бел­гі­леу және оны Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өңір­ле­рі ара­сын­да бө­лу қа­ғи­да­ла­рын 4-тар­ма­ғы 2) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес бө­лін­ген ең­бек­ші кө­шіп ке­лу­ші­лер­ді тар­та­у­ға кво­та­ны асы­ру Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, өзге де та­лап­тар 1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы неме­се пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­нет» ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу мүм­кін­ді­гі бар; 2) Дене мүм­кін­ді­гі шек­тел­ген көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту үшін жағ­дай­лар көз­дел­ген, ғи­ма­рат­тар­ға кі­ре­бе­рі­стер пан­дустар­мен жаб­дық­тал­ған, кү­ту үшін крес­ло­лар бар; 3) Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры www.​mvd.​gov.​kz ин­тер­нет ре­сур­сын­да, «Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер» бө­і­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы 1414, 8 800 080 7777; 4) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті элек­трон­дық ны­сан­да ЭЦҚ болған жағ­дай­да пор­тал ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.
Басқа 1.2. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру (ұзарту) туралы өтініш
Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 2-қосымша Нысан ПД КҚҚБ (б) бастығы _________________________ Азамат (азаматтығы) __________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _________ ____________________________________________ Туған күні ___________________________________ Туған жері _______________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы мен № __________________ _________________________________________________________________ Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру (ұзарту) туралы өтініш Сізден жұмыс беруші - жеке тұлғаларда үй шаруашылығында үй жұмыскері ретінде жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) үшін еңбекші көшіп келушіге 1, 2, 3 ай мерзімге (керек емесінің астын сызыңыз) рұқсат беруіңізді/ұзартуыңызды (керек емесінің астын сызыңыз) сұраймын. Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Тармақ 1
1. Тұрақты тұратын жерім _________________________________________________________ (азаматтығы, тұрақты тұратын жерінің толық мекенжайы, ел, облыс, қала, аудан, кент, көше, үйдің нөмірі, телефон, оның ішінде ұялы телефон көрсетіледі).
Тармақ 2
2. Отбасы құрамы: _____________________________________________________ (отбасы жағдайы, жұбайының анықтамалық деректері/ және (Т.А.Ә (болса)., туған жылы), балалар саны, үй телефоны көрсетіледі).
Тармақ 3
3. Шетелдегі ықтимал байланыстары: _____________________________________________________________________ (күтпеген мән-жайлар туындаған кезде байланысты ықтимал орнату үшін жақын туыстары, олардың байланыстары көрсетіледі).
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасындағы туыстары немесе таныстары (туыстық дәрежесі, толық мекенжайы, байланыс телефоны, оның ішінде ұялы телефоны көрсетіледі). ___________________________________________________________________
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасында уақытша тұратын мекенжайы ______________ ___________________________________________________________________
Тармақ 6
6. Жұмыс берушінінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған жылы______________________________________________________________
Тармақ 7
7. Жұмыс берушінің мекенжайы ______________________________________ __________________________________________________________________ (жұмыс орны, қала, аудан, көше, үй, пәтер, телефоны, оның ішінде ұялы телефоны) Ескерту: 6 және 7-тармақтар ұзартқан кезде толтырылады. Қазақстан Республикасының көші-қон және салық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілдім. Т.А.Ә. (болса) _________ қолы
Басқа 1.3
Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 3-қосымша Нысан «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, себебі сіз мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсындыңыз, атап айтқанда: Болмаған құжаттардың атауы:
Тармақша 1
1) ________________________________________;
Тармақша 2
2) ________________________________________;
Тармақша 3
3) ________________________________________. Осы қолхат тараптарға бір-біреуден 2 данада жасалды. Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (болса) _______ (қолы) Орындаушы: Т.А.Ә. (болса) _____________ Телефон __________ Алды: көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (болса) /қолы 20___ жылғы «___» _________
Басқа 1.4. Жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсатты беруден бас тарту туралы ХАБАРЛАМА
Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 4-қосымша Нысан Жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсатты беруден бас тарту туралы ХАБАРЛАМА Т.А.Ә: <шетел азаматынын тегі, аты, әкесінің аты латын әрпімен> Паспорт №: <шетел азаматынын паспортының сериясы және нөмірі > Азаматтығы: < шетел азаматынын азаматтығы> ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДА ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА РҰҚСАТТЫ БЕРУДЕН БАС ТАРТЫЛДЫ («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес) <СЕБЕБІ> КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАУАПТЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ <лауазымы>, <Т.А.Ә.> КҮНІ: <берген күні>
Басқа 1.5. Шетелдіктің жеке тұлғада еңбек қызметін жүзеге асыруға № <Рұқсаттың нөмірі> РҰҚСАТ
Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 5-қосымша Нысан Шетелдіктің жеке тұлғада еңбек қызметін жүзеге асыруға № <Рұқсаттың нөмірі> РҰҚСАТ Т.А.Ә: <шетелдіктің латынша тегі, аты, әкесінің аты> Паспорт №: <шетелдіктің паспорт сериясы және нөмірі> Азаматтығы: <шетелдіктің азаматтығы> Жауапты қызметкер <Рұқсатты ресімдеу күні> Т.А.Ә. (болған жағдайда) <Жауапты қызметкердің Т.А.Ә> Қолы Бастық <Рұқсатты бергені күні> Т.А.Ә. (болған жағдайда) <Жауапты қызметкердің Т.А.Ә> Қолы <лауазымы> М.О.
Басқа 1.6. Дактилоскопиялаудан өткені және суретке түскені туралы АНЫҚТАМА
Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 6-қосымша Нысан Дактилоскопиялаудан өткені және суретке түскені туралы АНЫҚТАМА ____________________________________________________________ берілді. (Т.А.Ә. (болған жағдайда), туған күні) Азаматтығы __________________________ Жынысы ______________________ Уақытша тұратын жері бойынша мәліметтер_____________________________ ___________________________________________________________________ Ішкі істер органының атауы ___________________________________________ ___________________________________________________________________ Дактилоскопиялауды жүргізген ________________________________________ (қызметкердің лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда) ______________________________ _________ (дактилоскопия жүргізілген күні) (қолы).
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
2020 жылғы 31 наурызы № 273 Бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 938 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18042 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған);
Тармақ 2
2. «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және оны ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 532 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18835 болып тіркелген, 2019 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған).