О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 11-3/1070 «Об утверждении натуральных норм специальных транспортных средств Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 11-3/1070 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 11-3/1070 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12477 болып тіркелді, 2015 жылы 30 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары осы бұйрықтын қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 5
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ____________ Б. Сұлтанов « » 2018 жыл
Басқа 10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 13 наурыз № 112 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 11-3/1070 бұйрығына 4–қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары Арнайы көлік құралының атауы* Арнайы көлік құралының функционалдық мақсаты Арнайы көлік құралдарын пайдалануға құқығы бар республикалық мемлекеттік мекемелер Көлік құралдарының шекті саны Жедел Жануарлар дүние-сiн қорғау, өсiмiн молайту және пай-далану, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен айрықша экологиялық, ғылы-ми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объек-тілері саласында бақылауды жүзеге асыру үшін. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 3 Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық аумақтық инспекциялары, оның ішінде: 264 Ақмола облысы 22 Ақтөбе облысы 11 Алматы облысы 35 Атырау облысы 35 Шығыс Қазақстан облысы 33 Жамбыл облысы 14 Батыс Қазақстан облысы 14 Қызылорда облысы 17 Қарағанды облысы 16 Қостанай облысы 15 Маңғыстау облысы 14 Павлодар облысы 12 Солтүстік Қазақстан облысы 14 Оңтүстік Қазақстан облысы 12 Ескертпе: * арнайы көлік құралы – жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен айырықша экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілері саласында бақылауды жүзеге асыруға арналған жеңіл автомобиль негізіндегі көлік құралы.