О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 11-3/1070 «Об утверждении натуральных норм специальных транспортных средств Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 11-3/1070 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 11-3/1070 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12477 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 20 жылғы «__» ___________ № ______ бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 11-3/1070 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары Р/с № Заттай нор­ма­ның ата­уы Өл­шем бір­лі­гі Сан­дық мән­де­гі нор­ма­сы Пай­да­ла­ны­лу мер­зі­мі, жыл Қол­да­ны­лу са­ла­сы Та­ра­лу са­ла­сы Заттай нор­ма­лар­дың анық­та­ма­сы мен қол­да­ны­луын нақ­ты­лай­тын си­патта­ма­ла­ры 1 2 3 4 5 6 7 8 1 Ар­найы кө­лік құ­рал­да­ры* да­на 3 7 Ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу­ші субъ­ек­ті­лер­дi ин­спек­ци­я­лық және же­дел бас­қа­ру­ды жүр­гi­зу үшiн Аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен­де­гі мем­ле­кет­тік ин­спек­ция ко­ми­те­ті Же­ңіл ав­то­мо­биль ба­за­сын­да­ғы кө­лік құ­ра­лы, бен­зин­ді, қоз­ғалт­қыш кө­ле­мі 3000 тек­ше сан­ти­метр­ге дей­ін 2 да­на 231 Аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен­де­гі мем­ле­кет­тік ин­спек­ция ко­ми­те­ті­нің об­лы­стық аумақ­тық ин­спек­ци­я­ла­ры, оның ішін­де: 2.1 да­на 20 7 Ақ­мо­ла об­лы­сы 2.2 да­на 14 7 Ақ­тө­бе об­лы­сы 2.3 да­на 12 7 Ал­ма­ты об­лы­сы 2.4 дана 9 7 Атырау облысы 2.5 дана 12 7 Шығыс Қазақстан облысы 2.6 дана 12 7 Жамбыл облысы 2.7 дана 14 7 Батыс Қазақстан облысы 2.8 дана 17 7 Қарағанды облысы 2.9 дана 9 7 Қызылорда облысы 2.10 дана 21 7 Қостанай облысы 2.11 дана 8 7 Маңғыстау облысы 2.12 дана 14 7 Павлодар облысы 2.13 дана 15 7 Солтүстік Қазақстан облысы 2.14 дана 18 7 Түркістан облысы 2.15 дана 9 7 Абай облысы 2.16 дана 12 7 Жетісу облысы 2.17 дана 6 7 Ұлытау облысы 2.18 дана 3 7 Астана қаласы 2.19 дана 3 7 Алматы қаласы 2.20 дана 3 7 Шымкент қаласы Ескертпе:* арнайы көлік құралы – шаруашылық субъектілердi инспекциялық және жедел басқаруды жүргiзуге арналған жеңіл автомобиль базасындағы көлік құралы.