О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 11-3/1070 «Об утверждении натуральных норм специальных транспортных средств Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 11-3/1070 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 11-3/1070 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12477 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
20 жылғы «__» ___________
№ ______ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 11-3/1070 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары
Р/с №
Заттай норманың атауы
Өлшем бірлігі
Сандық мәндегі нормасы
Пайдаланылу мерзімі, жыл
Қолданылу саласы
Таралу саласы
Заттай нормалардың анықтамасы мен қолданылуын нақтылайтын сипаттамалары
1
2
3
4
5
6
7
8
1
Арнайы көлік құралдары*
дана
3
7
Шаруашылық жүргізуші субъектілердi инспекциялық және жедел басқаруды жүргiзу үшiн
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті
Жеңіл автомобиль базасындағы көлік құралы, бензинді, қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрге дейін
2
дана
231
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциялары, оның ішінде:
2.1
дана
20
7
Ақмола облысы
2.2
дана
14
7
Ақтөбе облысы
2.3
дана
12
7
Алматы облысы
2.4
дана
9
7
Атырау облысы
2.5
дана
12
7
Шығыс Қазақстан облысы
2.6
дана
12
7
Жамбыл облысы
2.7
дана
14
7
Батыс Қазақстан облысы
2.8
дана
17
7
Қарағанды облысы
2.9
дана
9
7
Қызылорда облысы
2.10
дана
21
7
Қостанай облысы
2.11
дана
8
7
Маңғыстау облысы
2.12
дана
14
7
Павлодар облысы
2.13
дана
15
7
Солтүстік Қазақстан облысы
2.14
дана
18
7
Түркістан облысы
2.15
дана
9
7
Абай облысы
2.16
дана
12
7
Жетісу облысы
2.17
дана
6
7
Ұлытау облысы
2.18
дана
3
7
Астана қаласы
2.19
дана
3
7
Алматы қаласы
2.20
дана
3
7
Шымкент қаласы
Ескертпе:* арнайы көлік құралы – шаруашылық субъектілердi инспекциялық және жедел басқаруды жүргiзуге арналған жеңіл автомобиль базасындағы көлік құралы.