О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 8 июля 2016 года № 304 «Об утверждении формы справки о происхождении вылова» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 304 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 304 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14117 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: ««Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-91) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Балықтың қайдан ауланғаны туралы №______анықтама
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 304 бұйрығымен бекiтiлген Нысан ____________________________ ____________________________ (уәкілетті органның ведомствосы) ____________________________ ____________________________ (уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің атауы) Балықтың қайдан ауланғаны туралы №______анықтама ____________________________ ____________________________ (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы) ____________________________ ________________________ берілді (басшыныңаты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Табиғи ортадағы балықтар ресурстары/ басқа су жануарлары үшін/ мелиоративтік аулау шеңберінде (қажеттісін көрсету керек) № Аулау орнының (балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің) атауы Балық ресурстарының және (немесе) басқа су жануарларының түрлері 20_ жылғы 1 қантардан 31 желтоқсанға дейін белгіленген квота/лимит (тонна) (табиғи ортадағы балық ресурстары және (немесе) басқа су жануарлары үшін) Мелиоративтік аулау шеңберінде (тонна) 20__ жылғы «__» ______ жай-күй бойынша өтініш жасалған күнге мәлімделген ауланатын көлем (тонна) 20__ жылғы «__» ______ жай-күй бойынша қалған қалдық (тонна) 1 2 3 4 5 6 7 Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі электрондық кәсіпшілік ауланым деректері журналына енгізілген табиғи ортадағы балық ресурстарының/басқа су жануарларының / мелиортивтік аулау шеңберінде (қажеттісін көрсету керек) қайдан ауланғанын және ақпараттық жүйеде болуын растайды: № Балық ресурстарының және (немесе) басқа су жануарларының түрі Балық ресурстарының және (немесе) басқа су жануарларының расталатын көлемі (тонна) 1 2 3 Барлығы: *Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама берілген күнінен бастап бір жыл бойы қолданылады Берілген күні 20 ___ жылғы «___» _________________________________ ____________________________________________________________________ (уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)