О внесении изменения и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 8 февраля 2017 года № 85 «Об утверждении Правил и условий заключения и расторжения специального инвестиционного контракта» Күшін жойған
Басқа 0
«Арнайы инвестициялық келісімшарттыжасасудың және бұзудың қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрініңміндетін атқарушының 2017 жылғы 8 ақпандағы № 85 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Арнайы инвестициялық келісімшарттыжасасудың және бұзудың қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрініңміндетін атқарушының 2017 жылғы 8 ақпандағы № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14801 болып тіркелген, 2017 жылы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы инвестициялық келісімшартты жасасудың және бұзудың қағидалары мен шарттарында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Арнайы инвестициялық келісімшарт жасасу үшін өтінім беруші инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға «Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім нысанын және оны қабылдау және тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы
6 ақпандағы № 74 бұйрығының (бұдан әрі – Бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14800 болып тіркелген)
1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді (бұдан әрі – Өтінім) береді.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақшамен толықтырылсын:
«3-1. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган өтінім тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде 2017 жылғы 6 ақпандағы № 74 бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау және тіркеу қағидаларының 4-тармағында көрсетілген өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды қарау үшін арнайы инвестициялық келісімшарттарды жасасу жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) береді».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2020 жылғы «__»__________
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
2020 жылғы «__»__________
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
2020 жылғы «__»__________