О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 142 «Об утверждении перечня государств с льготным налогообложением» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы №142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16404 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесінде: 47-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі